Қазақстан • 12 Маусым, 2018

Астанада жаңартылатын энергетика бойынша декларация қабылданды

316 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Астанада Энергетика министрлігінің атынан Қазақстан Үкіметінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесіп Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығымен ұйымдастырылған жаңартылатын энергия көздері бойынша саммит өтті.

Астанада жаңартылатын энергетика бойынша декларация қабылданды

Саммиттің мақсаты – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша «иә» және «қарсы» деген барлық ережелерді талқылау,  сондай-ақ біздің болашақ «жасыл» елімізді және бүкіл әлемдік қауымдастықты құруға үлес қосуға арналған таңдаулы идеялар мен тиімді шешімдерді іске асыру.

Қазақстаннан және Германия, Италия, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, БАӘ, Армения, Әзербайжан елдерінен келген 20-дан астам спикерлер өз баяндамалары мен іс-шараға деген пікірлерін ұсынды.

Саммит Shell компаниясының серіктестік қатысуымен «Жасыл астанаға жасыл экономика» атты экологиялық акциямен басталмақ,  оның шеңберінде қонақтар ҚР Тұңғыш Президентінің Кітапханасының маңына 10 көшет отырғызады. Ұйымдастырушылар бұл акцияның – жай ғана жақсы қимыл емес, шын мәнінде саммиттің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне – бүкіл жер шары үшін «жасыл» келешекті құруға жауап беретін салмақты ашық іс-шара екендігін атап көрсетті.

Саммиттің ресми бөлімін Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков ашып берді. Өзінің құттықтау сөзінде ол қатысушыларға, серіктестерге және жобаның спикерлеріне, солардың қатарында – мемлекеттік қайраткерлер, кәсіпкерлер, нобелдік лауреаттар, медиа-индустрияның өкілдері және ғылым докторларына алғысын білдірді. «Бұл жерде үш жүзден астам делегат бар, олардың басым бөлігі – бүкіл әлемнен келген бизнесмендер. Біздің Саммиттің қорытындылары бойынша декларация қабылданатын болады, ол ресми хатпен ҚР Үкіметіне жіберіледі», - деп хабарлады Арман Қашқынбеков.

Саммиттің жұмыс қорытындылары бойынша жобаның қатысушылары технологиялық, қаржылық, әкімшілік және өзге де нарыққа қажетті ресурстарды өзінде қамтитын, бүгінгі таңда жоқ саланы дамытудың кең ауқымды мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы туралы бірыңғай пікірге келді. Саммит жұмысының түйінді нәтижесі ретінде Декларация қабылданып, онда ЖЭК саласын дамытудың бірінші мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және іске асырылуын бастау ұсынысы қамтылды.

Қабылданған декларация аса маңызды проблемаларды шешуге және орындаудың айқын әрі нақты жоспарымен бірыңғай келісілген құжатты - тиісті мемлекеттік бағдарламаны қамтамасыз етуге арналған Қазақстанда жасыл энергетиканы тұрақты дамыту үшін қажетті жағдайларды қалыптастырудың жаңа тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Арман Қашқынбеков мемлекеттік бағдарламаны құру бойынша жұмыстың жүргізіліп жатқандығын да хабарлады: «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев өзінің командасына аталған бағытта іс-әрекетті бастауды тапсырды.

«Біз әлдеқашан бірлескен жұмыс жайлы уағдаластық: бұл тұрақты тренд қой, Қазақстандағы ЖЭК үлесі артып келеді,  «жасыл» электр энергияның өзіндік құны төмендеуде, ол  барынша бәсекеге қабілеттіге айналып барады», - деп мәлімдеді Арман Қашқынбеков.

Саммит қатысушыларының пікірі бойынша ЖЭК саласын дамытудың бірінші мемлекеттік бағдарламасына  дамуы қажет деген бірнеше негізгі тармақтар кіруі тиіс.

Арман Қашқынбековтің айтуынша, Қазақстанның қолданыстағы заңнамалық жүйесін жетілдіру қажет, ол әр үш жыл сайын өзгеріп тұруы керек, бірақ тым ұзақ мерзімді кезеңге қолданылуы тиіс. Бұл заңнамаға жиі өзгерістер жасау әлеуетті инвесторлардың үрейін тудыратынымен байланысты, ол ЖЭК сияқты осындай маңызды мәселеде абсолютті түрде жол берілмеу керек.

Бұдан әрі аукционның бірінші раундының қорытындылары бойынша жеңіп шыққан компаниялар мен девелоперлер тарапынан жобаларды іске асырудың және келісімшарттық міндеттемелерді орындаудың үстінен мемлекеттің, инвесторлар мен Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының тарапынан қосымша бақылауды қамтамасыз етуге қабілетті шаралар мен тетіктерді әзірлеу қажет.

Таяу келешекте шешуді қажет ететін маңызды мәселелердің бірі – ұлттық валютада саланың кең ауқымды қаржыландырылуы.

«Пилоттық жобаларды халықаралық және жергілікті қаржылық институттар - ЕҚДБ, ЕАДБ, ҚДБ қаржыландыруда. Сонымен бірге осы міндетті шешуде жүйелілік жоқ. Бізде ауыл шаруашылығын, өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың бағдарламасы бар, онда мүдделі қаржылық және мемлекеттік ведомстволармен өзара іс-қимылдың тәсілі және кешенді жоспары қадам-қадаммен жазылған, мақсаттары айқындалып, талап етілетін  ресурстар белгіленген», - деп атап өтті Арман Қашқынбеков.

Таңдаулы әлемдік және отандық технологияларды дәстүрлі салаларға тарту және практикалық іске асыру мақсатында декларация шеңберінде ҚР Үкіметіне бизнес пен өнеркәсіптің жасыл рейтингін әзірлеу ұсынылды. Бұл бастама жайлы Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаев өзінің «Жасыл экономика» халықаралық форумы аясында Санкт-Петербург қаласына сапары кезінде бұрын хабарлаған болатын.

«Жасыл рейтинг жобалардың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты дамудың халықаралық талаптарына сәйкестігін айқындайтын, донорлық қаржыландырудың құралдарын қолдану мақсатында олардың әлеуеті мен тиімділігін бағалайтын, сондай-ақ  әртүрлі мемлекеттік жеңілдіктер мен артықшылықтарды алу мүмкіндігін бизнеске ұсынатын болады» - деді Рәпіл Жошыбаев.

Сондай-ақ қабылданған декларация жасыл энергетика және экономика мәселелерімен тікелей айналысатын уәкілетті органды құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Бұл қадам осы жағдайда үздік халықаралық тәжірибеге бағдар бере отырып, ұсынылатын мемлекеттік бағдарламаны тиімді әзірлеу және орындау үшін ресурстарды біріктіреді.

Саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығын айта отырып, Арман Қашқынбеков мынадай фактіге тоқталып өтті: Қазақстанда «жасыл» экономикаға өтудің тұжырымдамасы бар екендігіне қарамастан, саммиттер мен форумдар өткізіліп тұрады, алайда осы уақытқа дейін барлық талқылаулардың қорытындысын жүргізетін бірыңғай құжат болған жоқ, осыған байланысты қабылданған қорытынды декларация нақты іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін өте қажет.

«Іс тапжылып тұрған орнынан қозғалады деп үміттенеміз. Егер біз қазір ҚР Энергетика министрлігімен және «Атамекенмен» біріксек, онда мұндай бағдарламаның жобасын күзге шейін немесе жылдың аяғына дейін жаза, үкіметтің қаулысымен бағдарламаны бекіте және оны іске асыруды бастай аламыз деп ойлаймын.  Ірі инвесторлар бізге былай дейді: «Саланы дамытудың ағымдағы тұжырымдамасында мақсаттар небәрі үш күнге нақты белгіленген: 2020 жыл — 3%, 2030 жыл — 10% және 2050 жыл — 50%. Осы күндердің арасындағы ортасында не бар? Осылайша, бізге неғұрлым егжей-тегжейлі стратегия қажет», – деп өз пікірімен бөлісті Арман Қашқынбеков.

Саланы дамыту декларациясын қабылдау мәселесіне түсініктеме бере отырып,Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаев декларацияның арқасында болуы мүмкін бірлескен жобаларды іске асыруға ынтымақтастыққа әлемдік озық орталықтар мен компанияларды шақырды.

Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы және ЖЭК екінші Саммитінің барлық қатысушылары Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мүдделі органдарға, бизнес-қауымдастықтарға және ведомстволарға қабылданған декларация шеңберінде жұмысты жүзеге асыруда талап етілетін қолдауды көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Спикерлердің бәрі Қазақстан өзінің мінсіз ықыласымен Орталық Азияда ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемде ЖЭК саласының көшбасшыларының біріне айналуы үшін барлық алғышарты бар деген пікірін бірауыздан білдірді.

Саммиттің қорытындысында «Kazakhstan’s enewable energy Day» (Қазақстанның жаңартылатын энергетика күні) кәсіби мерекесін жариялау ұсынысы да айтылды. Аталған мерекенің күні маусымның екінші жексенбісі болуы мүмкін.