14 Желтоқсан, 2011

Әз-ағаны еске алды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Өскемендегі Пушкин атындағы облыстық кітапханада Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов туралы замандастарының, достары­ның, жерлестерінің және әріптес қаламгерлердің естеліктер кітабы жарық көрді. Оны «Шығыс ақпарат» баспасы «Әз-аға» деген атпен көз тартатындай көрікті етіп шығарды. Кітаптың тұсаукесеріне Ә.Нұршайықовтың немерелері, белгілі жазушы, филология ғылымдарының докторы, Әз-ағаның жанында ұзақ жылдар бірге жүрген Нұрдәулет Ақыш, ақын-жазушылар қатыс­ты. Жиында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев: – Елбасы Н. Назарбаев халқымыздың дара жазушысы Әзілхан ағаны ерекше құрметтейтін. «Әз-аға» – нағыз халық жазушысы еді. Оның әрбір туындысын жұртшылық қызыға оқитын» деп Ұлт көшбасшысы атап көрсет­кен болатын. Ендеше, Әз-ағаң туралы бұл естелік кітабы құнды дүние. Күні кеше Азия ойындарында жасы 90-ға аяқ басса да туған еліне келіп, басын иді. Аманшылық болса, келер жылы жазушы ағаның 90 жылдық мерейтойын ел есінде қаларлықтай атап өту ойда бар, – деді өңір басшысы. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.