Қазақстан • Бүгін, 11:36

Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпазы атанды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубайда әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды. Бес бәсекелі күн ішінде әлемнің 48 елінен 109 команда іс-әрекеттің шеберлігін, жылдамдығын, тактикалық ойлауын және үйлесімділігін барынша көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпазы атанды

Фото: instagram.com/sgork_official

Қазақстан құрамасына еліміздің күш құрылымдарынан құралған «Kazakhstan А», «Kazakhstan B», «Kazakhstan C», «Kazakhstan D» командалары және «Kazakhstan Tomiris» әйелдер командасы қатысты.

UAE SWAT Challenge: Қазақстан арнайы жасақтары турнирдің алғашқы күнінде топ жарды

Жарыстың бесінші күнінде қатысушылар ең серпінді кезеңдердің бірі – Obstacle Course (кедергілер жолағын) бағындырды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша «Kazakhstan B» командасы І орынды иеленді, ал «Kazakhstan A» бесінші орынға жайғасып, үздік бестікке кірді.

Турнирдің басты жаңалығы «Kazakhstan С» командасының тамаша жеңісі болды, ол барлық жарыс күндерінің қорытындысында UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінің жеңімпазы атанды.

Жалпы рейтингте екінші орынды «Kazakhstan А» командасы жеңіп алды.

Сонымен қатар қорытынды кестеде отандық командалар арасында позициялар келесідей бөлінді:

  • «Kazakhstan B» – 8 орын;
  • «Kazakhstan Tomiris» – 18 орын;
  • «Kazakhstan D» – 20 орын.

UAE SWAT Challenge: Қазақстан командалары турнирдің барлық жүлделі орындарын иеленді

Командалардың жеңісі мен жүлделі орындары – отандық арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жоғары жауынгерлік дағдыларының, дене дайындығы мен кәсібилігінің көрсеткіші. UAE SWAT CHALLENGE-2026-да сәтті өнер көрсету Қазақстанның халықаралық беделін нығайтты және біздің жауынгерлеріміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

Президент UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады

Соңғы жаңалықтар