Қазақстан • 13 Маусым, 2018

Атыраулық оқушылар елор­да төрінде тұрған зәулім ғи­мараттарды қолдан жасап шықты

185 реткөрсетілді

Ақорда, Бәйтерек, Хан Шатыр, Бейбітшілік және келісім сарайы, Министрліктер үйі, заманауи тұрғын үй кешені секілді сәулетті ғимараттар Атырауда да бар. Әрине  Астанадағыдай аспанмен таласқан ғажайып нысандар емес, бар болғаны қағаздан жасалған көшірме. Бірақ сол қағаз үйлерде қанша баланың арманы мен махаббаты жатыр.   

Атыраудағы Назарбаев зият­­­керлік мектебінің оқушы­лары Астананың 20 жылдығына арнал­ған мерекелік онкүндікте елор­да төрінде тұрған зәулім ғи­мараттарды қолдан жасап шықты. «Макеттерді да­йын­­дауға қалқан мен желім ғана қажет болды, – дейді өнер пәнінің мұғалімі Данияр Олжа­ғалиев. – Алдымен әр нысанның сызбасын жасап алдық. Содан соң керек мате­риал­дардың көле­мін анық­тадық. Топтық жұ­мыс­тың нәтижесінде осындай бұйымдар шықты. Бұл туындылар балаларды қолөнерге машықтандырумен қатар, математика мен бейнелеу пәндерінде алған білімдерін тәжірибеде пысықтауға мүм­кін­дік береді».

Ғимараттардың ішінде ерекше көзге түсетіні – «Ақорда» ре­зи­­денциясы. Ақорданы «тұр­­­­ғызуға» оқушылардың он күн­дей уақыты кеткен. Көшір­менің түпнұсқаға ұқсауы үшін түрлі-түсті бояулар мен 12 воль­т­тық диод шамдар қол­да­ны­лып­ты. Макеттің салмағы 5 кило. Ұзын­дығы 1,5 метр, ал ені 1 метр.

Зияткерлік мектепте Аста­наның 20 жылдығына орай көрме ашылды, ол жыл аяғы­на дейін балалар жасаған бұйымдармен толығады. 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар