Табиғаты тамаша өлкені үш күн дүбірге бөлеген думанды жарысқа 20 команда қатысып, 300-ден астам өрен бақ сынады.
Биылғы сайыста жас туристер өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын қорғап, қызық пен қиындыққа толы түрлі туристік маршруттарды бағындырды. Экскурсиялық бағдарлау сынағынан өтіп, бард әндерінен өткен өнер байқауында бақ сынады. Сонымен қатар саяхатқа құштар өрендер форум қонақтарына театрландырылған қойылымдарды сахналап, өнерден де құралақан еместіктерін байқатты.
Форум соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Жас туристер сайысына қатысқан командалардың әрқайсысына 1 миллион теңгенің сертификаттары табыс етілді. Бұл қаражат оларға Intellektum зияткерлік ойынын сатып алу мүмкіндігін береді.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы