Алматыда теннистен «Almaty Challenger» халықаралық турнирі басталды

Алматыдағы «Горький теннис парк» кешенінде ATP Challenger сериясының теннистен ірі халықаралық турнирінің алғашқы кездесулері өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Егемен Қазақстан
13.06.2018 4699
2

Almaty Challenger турниріне 25 елден келген 100-ге жуық теннисші қатысуда – олардың ішінде әлем рейтингісінің ТОП-жүздігіне кіретін теннисшілер де бар. Ал ел намысын Александр Недовесов, Тимур Хабибуллин, Роман Хасанов және Денис Евсеев сынды үздік тенисшілер қорғайтын болады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан, Алматы теннис Федерациясының өкілдері, «Горький теннис парк» жетекшілері, сонымен қатар, спортшылар мен халықаралық дәрежедегі төрешілер қатысты. Теннистен Қазақстан Федерациясының вице-президенті Диас Досқараев барлығын байрақты бәсекенің ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі!

- Біз осымен үшінші рет Алматыда осындай турнирді өткізудеміз, тіпті, қаланың игі дәстүріне де айналып үлгерді. Президент Кубогынан кейінгі ең ауқымды туринирлердің бірі - ATP Challenger. Бүгінгі таңда, елімізде теннис қарқынды дамып келеді. Өткен жылғы нәтижелермен салыстыратын болсақ, турнир екі есе күшейіп, мәртебесі де біршама көтерілді. Бірақ, бұл өз кезегінде бәсекені де күшейтті, біздің спортшыларға оңай болмайды, - деп бөлісті  Диас Досқараев.

Жарыстың жүлде қоры $50000 құрайды, ақшалай сыйлықтан бөлек, қатысушылар ATP рейтингтік ұпайларды жинап, деңгейлерін көтеруге мүмкіндік алады.

Бірінші күннің нәтижелерін айтатын болсақ, еліміздің үздік жұбы Тимур Хабибулин мен Александр Недовесов керемет бастады, жақсы нәтиже көрсетуде. Еуропадан келген мықты жеке санаттағы теннисшілерге қарамастан, біздің спортшылар да жүлделі орындарды сарапқа салады деген үміттеміз. Әсіресе, Диас Досқараев испандық кәсіпқой тенисшімен кездесетін Денис Евсеевті атап өтті.

- Турнир мен үшін жақсы өтті. Өкінішке орай, керемет ойын үлгісін көрсете алмадым. Осындай айтулы додаға үшінші рет қатысудамын, бұл мен үшін тәжірибие. Ұйымдастыру жағынан барлығы керемет, база да жақсы. Еуропа мен Азиядан келген үздік ойыншылармен бәстесудің өзі үлкен мәртебе. Келешекте, неміс теннисшілермен бақ сынасқым келеді. Олар осы турнирдің үздіктер қатарында, - деп атап өтті Қазақстан құрамасының теннисшісі Бейбіт Жукаев.

Еске сала кетсек, теннистен «Almaty Challenger» халықаралық турнирі 16 маусымға дейін жалғасады, сол күні жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімдері анықталады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Зейін Әліпбек Ұлттық музей директорының кеңесшісі болып тағайындалды

21.02.2019

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

21.02.2019

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Үндістанда өтетін фестивальде бақ сынамақ

21.02.2019

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

21.02.2019

Қызылордалық жастар екі жүзге жуық адамды тегін тамақтандырды

21.02.2019

Қызылордада 5 млн теңгені қолды қылған ұры 10 жылға сотталды

21.02.2019

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

21.02.2019

Заң университеті жас ғалымдарға гранттар бөлді

21.02.2019

АҚШ-тың әуе компаниялары Қазақстанға биыл ұша алады

21.02.2019

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

21.02.2019

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

21.02.2019

Инфекциялық аурулармен күресуге 2,3 млрд теңге бөлінді

21.02.2019

FlyArystan компаниясы мамырда Орал-Алматы әуе рейсін шығарады

21.02.2019

Маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

21.02.2019

Маңғыстауда мұқтаж отбасыларға гранттар беріледі

21.02.2019

Маңғыстауда мүгедек балалардың емделуіне жағдай жасалады

21.02.2019

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

21.02.2019

Қарағандыда жас сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды

21.02.2019

2010 жылдан бері 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды - Жеңіс Қасымбек

21.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу