Елбасы туралы кітап Бакуде таныстырылды

Кеше Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында Махмұт Қасымбековтің әзербайжан тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты іс-шара алдағы Қазақстан астанасының 20 жылдығына арналған.

Егемен Қазақстан
13.06.2018 1084

Таныстырылымға Қазақстанның өкілетті делегациясы құрамында кітаптың авторы Қазақстан Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев, Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және тағы басқалар қатысты.

Әзербайжан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң басшысы Рамиз Мехтиев кітаптың тұсаукесер рәсімінің қарсаңында қазақстандық делегацияны қабылдады. Делегация мүшелері ұйымдастырылған қабылдауы үшін алғыс айтып, өз тарапынан Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдығымен және Гейдар Әлиевтің 95 жылдығымен құттықтады.

Тұсаукесер рәсімі Әзербайжанның жетекші ғылыми және мәдени-білім беру орталықтарының бірі – Гейдар Әлиев орталығында өтті. Ол 2006 жылы әзербайжан халқының ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің идеологиясы мен мемлекет құрылысының философиясын іргелі зерттеу үшін, сонымен бірге әзербайжан тілін, мәдени, ұлттық және рухани құндылықтарын жан-жақты дамыту мақсатында құрылған.

Тұсаукесер рәсімінде Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі Әли Гасанов, Әзербайжан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгi Қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары Таир Сулейманов, Әзербайжан Ғылым академиясының президенті Акиф Ализаде, Әзербайжан Милли Мәжілісінің депутаты Джаваншир Фейзиев, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Мамедов, кітап аудармашысы Аида Эйвазова, шетелдік дипломаттар, мәдениет және ғылым өкілдері, сарапшылар, журналистер, студенттер қатысты.

Қазақстан көшбасшысы туралы жазыл­ған өмірбаяндық кітап оқырмандар тарапынан жоғары бағаланды. Іс-шара қатысушыларының ортақ пікірі бойынша, кітаптың әзербайжан тіліндегі басылымы екі ел арасындағы рухани-мәдени байланыстардың нығаюына лайықты үлес қосады.

Бұл – аталған кітаптың шетел тіліндегі 11 басылымы. Осыған дейін ол ағылшын, неміс, француз, қытай, араб, венгр, түрік, дари, серб, корей тілдерінде басылды. Кітап Гейдар Әлиев орталығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және Халықаралық Түркі академиясы арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде жарық көріп отыр.

«Егемен-ақпарат»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.06.2018

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Б.Сағынтаев пен Ә.Жақсыбеков Түркістан облысының әкімін таныстырды

20.06.2018

Астанада робот техникасы бойынша ұлттық біріншілік басталды

20.06.2018

ҰБТ нəтижелерін Telegram-нан көруге болады

20.06.2018

Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасының құны 80 еуроға дейін қымбаттауы мүмкін

20.06.2018

Ғ. Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

20.06.2018

Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

20.06.2018

Сенаторлар Президент бастамасын іске асыру барысын талқылады

20.06.2018

Астанада тамақ қалдықтарын тыңайтқышқа айналдырмақ

20.06.2018

Солтүстік Қазақстанда А.Винокуров атындағы халықаралық жарыс өтті

20.06.2018

Түркістаннан тарту» бағдарламасы «Түркия үні» радиосы арқылы тыңдаушыларға жол тартты

20.06.2018

Мақтаралда арнайы комиссия құрамы ҰБТ өтетін нысанды қабылдап алды

20.06.2018

Ұлттық кітапханадағы залға көрнекті ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді

20.06.2018

Жұмат Әнесұлының шығармашылығы

20.06.2018

Қармақшылық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыруды бастады

20.06.2018

Маңғыстауда «Мирас» кеңесінің отырысы өтті

20.06.2018

Маңғыстауда медицина мекемелерінің қызмет көрсету сапасы тексерілді

20.06.2018

Маңғыстаулық екі мемлекеттік қызметші республикалық байқауда топ жарды

20.06.2018

Қостанайда Астана күндері өтіп жатыр

20.06.2018

Кен алыбының жобасы салалық «Алтын Гефест» байқауында үздік деп танылды

20.06.2018

Қазақстан мен Өзбекстан бизнес-омбудсмендері келісімге қол қойды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу