Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға көп. Сондай – ақ депозиттер саны да да 22, 7 пайызға артып отыр.
Ұлттық банк облыстық филиалы директорының орынбасары Диас Мэлстің мәлімдеуінше республика бойынша жалпы көлемдегі облыстың несие салымының үлесі 0,86 пайызды құрайды. Депозиттердің көлемі 22,7 пайызға көбейіп, 152,6 миллиард теңге болды. Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негізгі көзі тұрғындардың салымдарынан құралады.
Депозиттер бойынша долларлану деңгейі 25,4 пайызға төмендеген. Тұрғындардың жан басына шаққандағы салымы– 257 мың теңге. Облыстың валюта нарығына келер болсақ, жыл басынан «Қазпошта» АҚ және ЕДБ филиалдарының 105 ақша айырбастау пункттері тарапынан 7,3 миллион АҚШ долларының, 1,97 миллион еуроның және 2 831,3 миллион. Ресей рублінің таза сатылымдары жүргізілген. Сондай – ақ төлем карточкаларының қолданылу аясы кеңейіп келеді.
«Төлемді карточка арқылы тұтынушылардың саны 357 мың адамнан асты. Биылдан бастап «Invest Online» мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілгелі тұрғындар бағалы қағаздарды сату және сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы