Клуб басшылығының хабарлауынша, 51 жастағы Лопетеги «Реал» командасымен үш жылдық келісімшартқа қол қойған. Хулен құрамамен арадағы келісімшартты мерзімінен бұрын үзгені үшін Мадрид ұжымы Испания құрамасына 2 млн еуро төлейді. Лопетеги Испания құрамасын 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді. Ол бүгінге дейін құрамамен 19 кездесу өткізіп, бірде-бірінде жеңілмеген (13 жеңіс және 6 тең ойын).
Айта кетейік, Лопетеги 1988-1991 жылдар аралығында «Реал» клубының қақпашысы ретінде бір-ақ рет алаңға шыққан.
Үзілістен кейінгі алғашқы жеңіс
Аса ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы британиялық боксшы Тайсон Фьюри 2,5 жылдық үзілістен соң үлкен рингке қайта оралып, бірінші жеңісіне қол жеткізді.
Британияның Манчестер қаласында өткен 10 раундқа жоспарланған рейтингтік жекпе-жекте албаниялық Сефер Сеферимен кездесіп, 4-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Фьюри соңғы кездесуін 2015 жылы украиналық Владимир Кличкомен өткізіп, IBF, WBA және WBO чемпиондық белдіктерін жеңіп алған-ды.Бұдан соң ол 2016 жылы допинг дауына ілігіп, екі жылға бокстан шеттетілді. жаза мерзімі 2018 жылдың сәуір айында аяқталып, ол үлкен рингке қайта оралды.
Феттель – Канада Гран-приінің жеңімпазы
Канада Гран-приінде мәре сызығын екінші болып «Мерседес» командасының автопилоты Валттери Боттас, үшінші «Ред Булл» өкілі Макс Ферстаппен кесті. Ал қазіргі әлем чемпионы Льюис Хэмилтон бұл жолы 5-орынмен шектелді.
Феттель бұл жеңісінен кейін жалпы есепте Хэмилтоннан бір ұпай алға озып, 121 ұпаймен көш бастады. Ал Хэмилтон 120 ұпаймен екінші орынға түсіп қалды. Валттери Боттас 86 ұпаймен үздік үштікті қорытындылап тұр. Гран-придің келесі кезеңі 22-24 маусым аралығында Францияда өтеді.
Дайындаған
Ырысты ҚАДІРБЕК,
ЕҰУ студенті