14 Желтоқсан, 2011

Көліктік медицина көмегі

269 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстанның» арнайы жобасы: Жасампаздық жемістері

Жиырма жылдың ішінде атқарылған игі істердің арқасында әрбір өңіріміз өзгеріп, өміріміз жақсарып келеді. «Егемен Қазақстан» газеті осындай өркенді өзгерістерді бейнелейтін материалдарды тұрақты жариялап тұрады. Төменде еліміздегі көліктік медицина  тынысына арналған фоторепортаж беріліп отыр. Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан хал­қына биылғы Жол­дауына сәйкес және Қазақ­стан Республикасында ден­сау­лық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға ар­налған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағ­дар­ламасы шеңберінде халыққа, әсіресе, елдің шалғай және баруға қиын өңірлеріндегі ауыл халқына меди­ци­налық жәрдемнің қолжетімді­лігін қамтамасыз ету үшін көліктік меди­цинаны дамыту жоспарланып отыр. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2010-2011 жылдары жалпы сомасы 4,3 миллиард тең­ге­ге заманауи медициналық жабдықтар­мен жа­рақ­тан­дырыл­ған және дәрігерлер бри­гада­лары­мен жасақталған 50 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) сатып алу қарастырылған. Қазіргі күні ЖМК-ны 2011 жылдың соңына дейін жет­кізіп беру үшін конкурстық процедуралар өт­кі­зілді. Бүгінде ЖМК-ның медици­на­лық бақылауымен 98324 адам қамтылып, 68816 диагностикалық зерттеулер, 46078 зертханалық зерттеулер жүргізілді жә­не сала­лық мамандар тарапынан 86226 консультациялар өткізілді. Санитарлық авиацияны дамыту қозғалыс қауіпсіздігінің бірқатар проблемаларын шешуге және республикалық, сонымен бірге об­лыс­тық мақсаттағы күрежолдарда жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге уақы­ты­лы медициналық жәрдем көрсетуге мүм­кіндік береді. Денсаулық сақтау министрінің 2011 жыл­ғы 14 сәуірдегі «Санитарлық авиация жөнін­дегі республи­ка­­лық үйлестіру орталығы тура­лы» №199 бұйры­ғымен 2011 жылдың шілде айынан 268 ұшу ұйым­дас­ты­рылып, дәрігер-реаниматологтардың, хирург­тер­дің, уролог­тар­дың, акушер-гинекологтардың және пе­диатрлардың қатысуымен 115 консультациялар өт­кізілді. Сонымен бірге, 25 жағдайда жергілікті орын­да медициналық жәрдем (операция жасау) көрсетілді. Мемлекет басшысының 2011 жылдың 28 қаңта­рын­дағы «Болашақтың іргесін бірге қа­лаймыз» атты Жолдауына сәйкес 2011-2015 жылдары сани­тарлық авиация мұқтаж­дары үшін 16 тікұшақ са­тып алынатын болады. Қазіргі уақытта «Ка-32А11ВС» үлгісіндегі 2 тікұшақты, «ЕС-145» үлгісіндегі 4 тік­ұшақ­ты және «ЕС-145» тікұшағын сақтау және техникалық қызмет көрсету үшін қажет ангар жеткізіп беру жөнінде келісім-шарт жа­салды. 2011-2015 жылдары автожолдардың не­ғұр­лым апаттық қауіпті деген учаскелерінде 40 күрежолдық медициналық-құтқару пункт­терін құру жоспарланып отыр. 2011 жылы олардың 6-уы, 2012 жылы – 6-уы және 2014-2015 жылдары 14-і құрылатын болады. Күрежолдық медициналық-құтқару пункт­терін құ­ру­ға 2011 жылы мемлекеттік бағ­дар­лама шеңберін­де 378,5 миллион теңге ақшалай қаржы қарастырылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің жос­парлы жұ­мыстарына сәйкес 2011 жылы «Ден­саулық» және «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойыз­дары Батыс және Оңтүстік өңірлер халқына меди­ци­налық жәр­дем көрсетті. Аталған пойыздар 91 стансада медициналық жәрдем көрсетіп, 40131 адамның, олар­дың ішінде 11744 баланың денсаулықтарын қарады. Дәрігерлік қараулар саны 220096-ны құрады. 144427 диагностикалық тексерулер жүр­гізілді (ішкі органдарды УЗИ-тексерулер – 40777, спирография – 729, бас миын эхоэнце­фа­логиялық және ультра­ды­быс­ты допплерографиялау – 4576, электрокардиография – 9733, көз іші қы­сымын өлшеу – 9610, рентгендік тексеру – 9414, эзофагогастродуоденоскопия – 2362, клини­ка­лық-биохи­миялық талдау – 67233), 190 шағын амбу­латориялық операциялар жасалды. Маммологтар 5340 әйелді қарап, 10114 тұр­ғынға стоматологиялық жәрдем көрсетілді. Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауына сәй­кес үстіміздегі жыл­дың 26 қыркүйегінде үшінші консультациялық-диагнос­тикалық «Са­­ла­­мат­ты Қазақстан» пойызы жолға шығып, оған Ден­сау­лық сақтау министрлігі жалпы со­масы 47330,0 миллион теңге болатын 122298 консуль­тативтік-диагностикалық қыз­метке қолдау көрсетті. Үшінші консультациялық-диагностикалық «Са­ла­­мат­ты Қазақстан» пойызы 2011 жыл­дың 26 қыр­кү­йегі мен 30 қарашасы арасында жолға шығып, рес­пуб­ликаның Павлодар, Ақмола және Қостанай облыс­тары­ның тұр­ғындарына медициналық жәрдем көрсетті. 60 күннің қорытындысында «Саламатты Қа­зақ­­стан» пойызы 3,4,5 кластағы 30 стансада және оларға жақын елді мекендердегі халық­қа медициналық қызметтер көрсетті, дәрігер­лер 12353 адамды, оның ішінде 3492 баланы қарады. Дәрігерлердің қарау саны 38528-ді құрады. 20092 диагностикалық процедуралар өткізілді (ішкі орган­дарды ультрадыбысты тексеру – 5882, спирография – 147, бас миын эхоэн­це­фалогиялық және ультра­ды­быс­ты допплерографиялау – 2630, электро­кар­диография – 3079, көз іші қысымын өлшеу – 2506, рентгендік тексеру – 710, эзофагогастро­дуо­дено­скопия – 337, клиникалық-биохимиялық талдау – 480), 44 шағын амбулаториялық операциялар жасалды. Маммологтар 1186 әйелді қара­ды. Стоматологтар 3192 тұрғынға жәрдем көрсетті. Төтенше жағдайлар министрлігі 2012 жыл­дың қаңтарынан бастап консульта­тив­тік-диаг­ностикалық «Денсаулық», «Жәрдем» және «Са­ламатты Қазақ­стан» пойыздары­мен халық­қа медициналық жәрдем көрсетуді одан әрі жалғастырады. Жоспарланған меди­ци­налық қызметтер саны – 517056. Аталған қызметке қажетті шығындар республикалық бюджеттен бөлінетін болады.

Арнайы бетті дайындаған,   Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан».