14 Желтоқсан, 2011

Екі партияның тізімін тіркеді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Орта­лық сайлау комиссиясы «Әділет» дем­о­кра­тия­лық пар­тиясының және Қазақстанның Пат­риоттары партиясының партиялық тізімдерін тіркеді. Жекелеген кандидаттар бойынша Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң талапта­рына сәйкестігін анықтау жөнінде қосымша тексеріс өт­кі­зу­дің қажеттілігіне байланысты «Руханият» партия­сы­ның және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының партиялық тізімдерін тіркеу туралы мә­селе күн тәртібінен алынып тасталды. Ал 13 жел­тоқ­сандағы жағдай бойынша мәслихаттар депутат­та­ры­ның сайлауына 7883 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалық мәс­лихаттарына – 1230, аудандық мәслихаттарға – 5134, қалалық мәслихаттарға 1519 кандидат бар. Мәс­ли­хаттар депутаттығына 3775 кандидат тіркелген. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.