Аймақтар • 17 Маусым, 2018

Қызылорда қаласының әкімі ардагер ақсақалдарды мерейтойларымен құттықтады

912 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібеков ардагер ақсақалдарды мерейтойларымен құттықтады деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.


Қызылорда қаласының әкімі ардагер ақсақалдарды мерейтойларымен құттықтады

«Қазақстанның Құрметті журналисі», «Егемен Қазақстанның» ұзақ жылдар бойы Қызылорда облысында меншікті тілшісі болған Жаппарханов Өтеген ақсақал сексеннің сеңгіріне шықты. Ал, «Қызылорда облысының құрметті қайраткері» және «Арал ауданынының құрметті азаматы», «Құрмет белгісі» орденінің, «Еңбек ерені» медалінің иегері Шапшанов Қуанышқали Рахманбердіұлы мен «Еңбектегі ерекше еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалдарының иегері Құдайбергенов Амангелді Сейдалыұлы 75 жасқа толып отыр.

- Осы салтанатты сәтті пайдалана отырып, бүгінгі жастарға артқан сенімдеріңіз үшін, айтқан ақылдарыңыз бен үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымызды айтамын. Біз сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бен еліміздің ертеңі үшін жасаған бар игілікті істеріңіздің алдында басымызды иеміз,-деген қала әкімі, мерейтой иелерін Қызылорда қаласының «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ