Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтар туралы деректер сайттарға қойылды
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне Ресей Федерациясы қорғаныс ведомствосы Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен соғысқа аттанып, қайтыс болғандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің деректерін табыс етті. Бұл дегеніңіз, біздің Отанымызды қорғауда қайтыс болғандар мен хабар-ошарсыз кеткендер үшін лайықты ескерткіш болмақ. Электронды тасымал құралдарында сақталған деректер Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұражайындағы және РФ ҚК әскери-мемориалдық орталығының ресми мұрағат құжаттарынан жинақталды. Мәліметтер әскери бөлімдердің орны толмас шығындары туралы хабарламалары мен басқа да мұрағаттық құжаттары негізінде, қара қағаздар мен госпиталь және медсанбат құжаттарынан, кеңес әскери тұтқындарының жеке карточкаларынан, сондай-ақ жерленген кеңес офицерлері мен сарбаздарының төлқұжаттарынан алынды. Деректерде қайтыс болған адамның әскери шені, қай бөлімде қызмет атқарғандығын, қайтыс болған күні мен себебін (мерт болды, жарақаттан қайтты, хабар-ошарсыз кетті) және қай жерге жерленгендігін білуге болады. Ақпараттық анықтамада 587000-нан астам қазақстандықтардың мәліметі бар. Анықтама Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (mod.gov.kz) ресми сайтына орналастырылған. Майдангер-жауынгерлердің электронды деректерімен танысуға мүмкіндік мол. Электронды мемориал – біздің батыр аталарымыз бен әкелеріміздің ұрпақтарына, барлығымызға қажет. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері. Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.Қазақстаннан Қытайға 12,3 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді
Экспорт • Бүгін, 12:55
Әулиекөлде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы: Қаңтар айында қанша теңге төленді?
Қоғам • Бүгін, 12:33
Әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:25
Жамбылды бір-ақ сәтте қар басты: 300-ден астам қызметкер көшелерді қардан тазартып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Павлодар трамвай паркі облыстың коммуналдық меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді
Аймақтар • Бүгін, 12:00
118 млн теңге залал: Бухгалтер мемлекеттік кәсіпорынның ақшасын бәске тігіп, көлік сатып алған
Аймақтар • Бүгін, 11:56
Петропавлда алаяқтың арбауына түскен әйел 18 млн теңгесінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 11:42
Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстан • Бүгін, 11:36
Ақтоғай ауруханасына 6 жаңа санитарлық автокөлік берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Екібастұз ГРЭС-3 станциясы салынады: Елдің электр энергия өндірісі ұлғаяды
Энергетика • Бүгін, 11:20
2025 жылы қанша алтын құйма сатылды?
Қоғам • Бүгін, 11:18
Рыбакинаға Ресейге кіруге тыйым салынбақ
Теннис • Бүгін, 11:08
Әкімдер мен мәслихаттардың өзара іс-қимыл тәртібі Ата заңда қалай бекітілген?
Ата заң • Бүгін, 10:53