Қазақстан • 19 Маусым, 2018

Кетпен төбе

1088 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биік шыңдары көк тіре­ген ақбас таулар көрі­неді алыстан. Оның бер жағындағы жота-жондар теңіз толқындары секілді көгілдір мұнарға оранып, толқып жатқандай әсерге бөлейді.

Кетпен төбе

Күнге шағылысып, кү­лім қаққан айна көлдің жағасындағы боз үйлер алыстан көз салған кісіге су бетінде баяу қалқып жүрген бір топ аққуға ұқсай­ды. Ал шындығында, бұл – қырғыздың майталман ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың 150 жы­л­­дық мерейтойына арналып тігілген үйлер болатын. 

...Көл ортасында бір кеме тұр. Оның палубасына ілінген қырғыздың қызыл жалауы әуелде су бетіндегі қызғалдақ секілді көз тартады. 

Көңіліңіз елеңдеп, кө­корай көктемді аңсай­ды. Шіркін-ай, мынау өл­ке қызғалдаққа оранып жатқан шақта келер ме едік дейсіз қызығып. Көл жағасындағы ешкі тал да сіздің осы ойы­ңыз­ды құптағандай баяу ыр­ғалып, басын изеп қояды. 

Бұл өлкенің жалпы атауы – Кетпен төбе. Ал маналы бері біздің көл деп ойлап келе жатқанымыз кәдімгі Орталық Азия карта­сынан ойып тұрып орын алатын Тоқтағұл су қой­масы.

Бір қызығы, бала кү-ні­ңіз­де әжеңіздің тілін алмай, қыңырайып: «Маған бүйтіп ұрса берсеңіз, кө­кемнің үйіне кетем де қа­лам!» деп қорқытпақ бол­­ған кезіңізде, ол кісі­нің: «Ой, тентек! Кет­пе­сең, Кетпен төбеден асып кет!» дейтін сөзі есі­ңізге түсіп, еріксіз жымиясыз. 

Көзді ашып-жұмғанша өте шыққандай болып көрінетін сол бір тәтті күндерді сағынып отырып ойлайсыз: «Япыр-ай, баяғы әжем айтқан Кетпен төбе осы емес пе екен?!»

Нұрғали ОРАЗ,
«Егемен Қазақстан»