Футбол • 19 Маусым, 2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Чемпиондар лигасы 2018/2019 маусымының бірінші және екінші кезеңінің жеребесі тартылды. Төртінші жыл қатарынан аталмыш бәсекеде ел намысын қорғайтын «Астана» командасы бірінші кезеңде Черногорияның «Сутьеска» (Никшич қаласы) клубымен күш сынасатын болды.

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

Осыған дейін Қазақстанның ешбір командасы бұл ұжыммен кездеспеген. «Сутьеска» 1927 жылы құрылған.

Алғашқы кезеңде Сан-Мариноның «Ла Фиорита» және Гибралтардың «Линкольн» клубтары сынға түсіп, олар бірінші кезеңде ойнайтын өзге 31 команданың қатарын толықтырады. «Астана» жарысты осы сатыдан бастайды. Оған қарсылас ретінде УЕФА талаптарына сәйкес алдын-ала «Спартак» (Трнава, Словакия), «Валлетта» (Мальта), «Алашкерт» (Армения), «Сутьеска» (Черногория), «Спартак» (Юрмала, Латвия) және «Флора» (Эстония) командалары аталды.

Бұл кезеңде жеңілген команда жарысты Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Ал Қазақстанның «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл» командалары ойындарын Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Бұл кезеңнің жеребе тарту рәсімі 20 маусым күні Астана уақытымен 17.00-де Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде өткізіледі.