14 Желтоқсан, 2011

Жайықтың бойы көгілдір отынмен қамтылмақ

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Орал өңірінде күрделі қаржыны қажет ететін ірі газ құбырлары магистралдарын тарту ісі аяқталды. Мұны Тәуелсіздіктің 20 жылдығына  қомақты сый деп қа­былдағанымыз орынды. Жақында облыс­тағы елді мекендерді жаппай газдандыру жобасы шеңберінде Жанама және Сары­өмір ауылдарында көгілдір отынның алауы тұтанды. Жанама – мыңға жуық тұрғыны бар, облыс орталығынан ең шалғай орналасқан, Атырау аймағымен шекаралас елді мекен. Ал Сарыөмір – Ақжайық­тың інжу-маржаны Шалқар көлінің жаға­сында орналасқан ауыл. Бұған дейін бұл жерге асфальт жол мен су құбыры тар­тылған еді. Енді газ кіріп отыр. Мұның өзі Шалқар көлін туризм орталығына ай­налдыруға қажетті алғышарттар қаланып үлгергенін көрсетеді. Бүгінде өңірде Жайық өзенінің сол жағалауындағы ауылдарды және Теректі ауданының бірқатар елді мекендерін көгілдір отынға қосудың нақты бағдарла­ма­сы іске асуда. Бұл үшін жобалау-сме­талық құжаттар жасалып, оған жергілікті бюджеттерден тиісті қаражат бөлінген. Әрі бұған мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынған. Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы.