Парламент • Бүгін, 14:10

Ата заң жобасы мақұлданған жағдайда Парламент өкілеттігі қашан тоқтатылады?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Конституция референдумда қолдау тауып, қабылданған жағдайда Парламент өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатады. Бұл туралы Ата заңның жаңа жобасында көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң жобасы мақұлданған жағдайда Парламент өкілеттігі қашан тоқтатылады?

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Ал бүгін, 12 ақпанда «Egemen Qazaqstan» газетінде еліміздің жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. Ол барлығы 96 баптан тұрады. Осы құжаттың 95-бабында жаңа Конституция қабылданған жағдайда Парламент өкілеттігі қай уақыттан бастап тоқтайтыны туралы айтылған.

Жобада: «1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатады. Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс», деп жазылған.

Бұдан бөлек жобада көрсетілгендей, бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайдың келісімімен Вице-Президентті тағайындауға тиіс.

Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.

Соңғы жаңалықтар