Аймақтар • 20 Маусым, 2018

Солтүстік Қазақстанда А.Винокуров атындағы халықаралық жарыс өтті

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жерлесіміз, даңқты велошабандоз, Лондон Олимпиадасының чемпионы  Александр Винокуров атындағы көпкүндік халықаралық веложарыс өз мәресіне жетті.

Солтүстік Қазақстанда А.Винокуров атындағы халықаралық жарыс өтті

Топтық және жекелей қашықтарда 23 команда құрамындағы 140-қа жуық спортшы  бақ сынасты. Ресей мен Өзбекстанның желмен жарысқан велошабандоздары  алғаш рет қатысты.

Жекелей сында самарқандтық Дмитрий Сирко жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Ол халықаралық жарысқа тұңғыш рет қатысқанына қарамастан  қарсыластарын шаң қаптырды. Екінші, үшінші орындарды  петропавлдық Кирилл Вагнер мен қарағандылық Андрей Наливайко бөлісті.  Командалық есепте алаң иелері жеңімпаз атанды. Екінші, үшінші орындарды Самарқанд және Астана қалаларының командалары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар мен дипломдарды  Олимпиада чемпионы А. Винокуров  тапсырды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»