Спорт • 21 Маусым, 2018

Қазақстан құрамасы тағы бір ресейлікпен толықты

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 жастағы Ресей теннисшісі Елена Рыбакина енді Қазақстанның туы астында өнер көрсетеді. Бұл ақпарат Халықаралық теннис федарциясының ресми сайтында жарияланып отыр.

Қазақстан құрамасы тағы бір ресейлікпен толықты

Елена 1999 жылдың 17-маусымында Мәскеуде туған. Бес жасынан бері спорттың осы түріне ден қойған ол өз құрбылары арасында бірқатар турнирлерде жақсы нәтиже көрсетіп, түрлі жарыстарда жүлделі орындарды иеленді. Жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерге қатысып, 2017 жылы Мельбурндегі Австралияның ашық біріншілігі мен Париждегі «Ролан Гарростың» жартылай финалына дейін жетті. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі Еуропа біріншілігінің командалық сайысында Рыбакина бас жүлдені олжалаған.

Әйелдер арасындағы жарыстарда да Елена Рыбакина өзін жақсы қырынан көрсетуде. Атап айтсақ, 2015-2017 жылдар аралығында ол Анталия, Хельсинки және Ферганада ұйымдастырылған турнирлердің финалдық сайысында өнер көрсетті. Қазіргі кезде 19 жастағы ойыншы WTA рейтингінде 191-орынды иеленуде.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»