Қазақстан • 22 Маусым, 2018

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыратын қадам

182 реткөрсетілді

Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев партия мен агенттік арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Іс-шараға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, партия Орталық аппаратының қызметкерлері және бейнеконференц байланысы арқылы облыс әкімдерінің орынбасарлары мен партия өңірлік филиал­дарының басшылығы қатысты.

Отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев Елбасы, партия Төр­аға­сының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясының қоғамның түрлі саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты әрі жүйелі жұмыс жүр­гізіп келе жатқанын айтты. Бұл бағытта партияның Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл­дың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бас­ты құжат болып табылады. Сондай-ақ «Нұр Отанның» осы мәселемен айналысатын басты құрылымы ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы республикалық қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Мұндай кеңестер барлық облыстар мен аудандарда құрылған. Одан бөлек, партияның Мәжілістегі фракциясының депутаттары да аталған салада ауқымды жұ­мыс­тар атқаруда. Осы мәселе­лерге тоқталып өткен М.Әшім­баев алдағы уақытта бұл жұмыс­тар­дың одан әрі жандана түсетінін жеткізді.

– Бүгінгі меморандум партия мен агенттік арасындағы сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мылдың жаңа кезеңіне жол ашады деп сенеміз. «Нұр Отан» алдағы уақытта осы салада басқа да мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеуге дайын. Өйткені партияның бас­ты миссиясы – Елбасының сенім­ді тірегі болуымен қатар Қазақ­станды жаңғыртуға жүйелі қатысатын стратегиялық күшке айналу, – деді Мәулен Әшімбаев.

Пар­тия Төрағасының бірін­ші орынбасары меморандум­да көрсетілген талап, мін­дет­терді мақсатты түрде орын­дау­ға қатысты бірқатар басым­дық­тарды атап өтіп, алды­мен Президенттің бес әлеуметтік бас­та­масының жүзеге асырылуын бақылау жұмыстарына назар аудар­ды. Елбасы тапсырмасына орай бес бастаманың жүзеге асырылуын бақы­лау мақсатын­да партияның мұрындық болуы­мен Қоғамдық кеңес құрыл­­ған болатын. Соның нәтижесін­­де партия осы бағыттағы жұмыс­тарға мо­ни­торинг жүргізіп, анық­тал­ған олқ­ы­­лықтарды жан-жақты қарас­ты­рып, сыбайлас жемқорлыққа қа­тысты тұс­тарын агенттікпен бір­­лесіп шешетін болады. Мәу­лен Әшім­баев бұл жұмысқа үкі­мет­тік емес ұйымдардың да бел­се­не қатысуы керектігін айтты.

– Екіншіден, бүгінде партия сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, осы саладағы көлеңкелі тұстарды жоюға бағытталған бірқатар партиялық жобаларды қолға алды. Үшіншіден, сыбайлас жемқорлықты мүлдем болдырмау үшін мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінбек. Төртіншіден, күресті күшейту үшін партияның барлық ресурсын жұмылдыратын боламыз. Қоғамдық қабылдауға келген халық осы мәселеге қа­тыс­ты қандай да бір ақпарат, ұсы­ныс  берсе, оны талдап, қажет жағд­айда агенттікке жолдаймыз. Бесіншіден, партия мен үкіметтік емес ұйым­дар арасындағы жұ­мыс­ты жан­дандыруға тың сер­пін бе­рі­леді, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар жиын барысында 2017 жылы түрлі себептермен 276 адамның партия қатарынан шығарылғаны айтылды. Олардың 171-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-әрекеті үшін шығарылған. Партия Төрағасының бірінші орынбасары мұндай жайттарды мүлдем болдырмау үшін алдағы уақытта нұротандықтардың сапасына ерекше мән берілетінін баса айтты.

– Енді біз партия мүше­лері­нің санына емес сапасына көп көңіл бөлетін боламыз. Қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар, қызметін өзінің жеке мақсатына пайдаланғысы келетін адамға партияда орын жоқ. Егер біз жемқорлықпен күреске белсене қатысқымыз келсе, алдымен өз қатарымыздың тазалығын қамтамасыз етіп алуымыз керек, – деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекетке ғана емес, бұл бүкіл азаматтық қоғамға ортақ мәселе екенін айтты. «Нұр Отан» партиясының бұл салаға көңіл бөліп, жоғары деңгейде талқылауы құптарлық іс, – деді Алик Шпекбаев.Оның сөзіне қарағанда, электронды үкімет пен кәсіби, стра­тегиялық мемлекеттік аппа­раттың құрылуы бұл сала­дағы бақылау жұмыстарына оң септігін тигізуде. «Ендігі саты – инновациялық мемле­кеттік аппаратқа көшу. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқа­рылуда», – дейді агенттік төрағасы.

Осы ретте айта кетер жайт, партия мен Агенттік арасын­дағы меморандумның басты мақсаты – еліміздің сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатын орындауға бағытталған бір­лес­кен және келісілген іс-қимыл­ды даярлап, жүзеге асыру, осы ба­ғыт­тағы қолға алынған шара­лар­дың тиімділігін арттыру, жем­қорлықтың себеп-салдарын жою және оның алдын алу. 

Сонымен қатар күш біріктіру арқылы қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, құқықтық сауаттылықты арттыру, еңбекке адалдық пен жемқорлыққа төзімсіздікті кеңінен насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және өскелең ұрпақ пен жастардың бұл саладағы білімін тереңдету сияқты басым бағыттар жүзеге асырылатын болады.

Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Спартакиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 15:25

Құмырсқа пәлсапасы

Қоғам • Бүгін, 09:48

Табысқа жетуге талпындырды

Қоғам • Бүгін, 09:23

Ұлттық комитет мүшелері бас қосты

Қазақстан • Бүгін, 09:17

Тиімділікті арттыратын құжат

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Жеті балуан ТОП-20 қатарында

Спорт • Бүгін, 09:12

Өнер бәйгесінің жаңа жұлдызы

Руханият • Бүгін, 09:06

Бөдене саңғырығы – биоотын

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Шатарбай әулетінің шеберлері

Руханият • Бүгін, 09:02

Қаймағы бұзылмаған қазына

Руханият • Бүгін, 08:56

Түлкі өзені бір тазарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арал қайта оралады

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Мәрмәр етін өндіретін кешен

Экономика • Бүгін, 08:46

Түркінің түп негізі – қазақ

Руханият • Бүгін, 08:36

Сабақтастық стратегиясын саралау

Қазақстан • Бүгін, 08:30

Химиялық қалдықтардан қатер көп

Экология • Бүгін, 08:25

Ұқсас жаңалықтар