Қазақстан • 26 Маусым, 2018

Ұлттық мегажобаның жеңімпаздары анықталды

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жылдан бері елімізде «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының бастамасымен «Men qazaqpyn» мегажобасы жүзеге асырылып келеді. Аталған жоба ел ішіндегі талай жастың талантын танытып, шығармашылығының шыңдалуына үлес қосқаны сөзсіз. 

 

Ұлттық мегажобаның жеңімпаздары анықталды

Ғасырлар бойы жасап келе жатқан бабалар мұрасын насихаттау, жау­һарларды халыққа жеткізу мақсатында еліміздің әрбір өңіріндегі өнерпаздар да аянып қалған жоқ. Аталған жоба биыл да жалғасын тауып, Жамбыл өңірінде жасындай жарқылдаған өнер­паздар өнер көрсетті. Әуелі аталған жоба негі­зінде өңірдің әрбір аудан­да­рында іріктеу кезеңі өт­кен болатын. Нә­ти­же­сінде, сыннан сүрін­бей, өнердің барлық талап­тарына жауап бере алған 40-қа жуық өнерпаз Тараз қалалық Мәдениет үйінде облыстық іріктеуге қатысты. Өнерпаздар терме, дәстүрлі ән және күй аталымдары бойынша бас жүлдені сарапқа салды. 

Мәдени шараны «Қазақ­стан» ұлттық телерадиокорпорациясы «Jambyl» филиалының директоры Жас­ұлан Әбдіхалық сөз сөй­­леп ашып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Ал белгілі дирижер Ерлан Бақтыгерей, әнші Айгүл Мақашева, тер­меші Ертай Тазабеков және күйші Ержан Рыс­ме­тов үміткерлердің өне­­ріне қазылық жасап, шын жүйрікті анықтады. Ал­ғашқы «Күй» аталымында тараздық Дулат Бай­зілдаев жеңімпаз деп танылса, «Дәстүрлі ән» ата­лымында Сарысу ауда­нынан қатысқан Ахат Кен­жебаев ең үздік деп та­нылды. Сонымен қатар тер­мешілер арасында Жуа­лы ауданынан Мәлік Мық­ты­беков жеңімпаз атанды. Енді аталған үш жүлдегер «Men qazaqpyn» ұлттық мега­жобасында Әулиеата өңі­рінің намысын қорғап, өнерлерін көрсететін болады. 

Ұлттық мегажобаның облыс­тық іріктеу кезеңіне орай өңірлік коммуникациялар қызметінде бас­пасөз мәслихаты өтті. Осы орайда «Jambyl» те­ле­­ар­­насының директоры Жасұлан Әбдіхалық ша­раның сәтті жүзеге асуына қолдау білдірген Жам­был облысының әкімі Ас­қар Мырзахметовке, «Қазақ­стан» ұлттық теле­ар­насының басқарма төр­ағасы Ерлан Қаринге және тиісті мекеме басшылары­на алғысын білдірді. Со­нымен қатар ол об­лыс­тық «Jambyl» телеар­насы­нан бір сағаттық «Men qazaq­pyn» бағдарламасы ашы­латы­нын, аталған жо­баға аудандар мен ауыл­дар­дан қатысқан барлық үміт­кер­лердің өнерін наси­хат­­тайтынын, ал үш же­­ңімпазға жергілікті жерде­н тәлімгерлер таға­йын­да­латынын жеткізді. Өз сөзінде әнші Айгүл Ма­­­қа­шева алдағы уа­қытта Та­раз қаласынан мін­детті түрде көп салалы му­зы­ка­лық колледж ашылуы керек екенін айтып өтті.

Айта кетейік, жобаның аудан­­­дық кезеңдеріне 146, ал облыс­­тық кезеңіне 41 үміткер қаты­­сып, бақ сы­наған.

Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы