Парламент • 26 Маусым, 2018

ТүркПА байқаушылары Түркиядағы президент және парламент сайлауы туралы мәлімдемені таныстырды

57 реткөрсетілді

ТүркПА халықаралық байқау миссиясы Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлауға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Әзербайжан Милли Мәжілісінің мүшесі Aхлиман Aмирасланов миссиясының басшысы ретінде мәлімдемесін таныстырды және түрік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін ТүркПА байқаушыларының бағдарламасы туралы хабардар етті. Миссия құрамындағы қазақстандық сенаторлар Нариман Төреғалиев, Бекмырза Еламанов, Мұхтар Жұмағазиев және Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков, сондай-ақ Қырғызстаннан  Мақсат Сабыров пен Закир Шарапов Түркиядағы сайлау және оның барысы туралы өз ойларымен бөлісті.

Миссия мүшелері Анкарадағы 40-қа жуық сайлау учаскелерінде болды және үш сайлау учаскесінде дауыс есептеуге қатысты.

Байқаушылар сайлау күніне дейін Сайлау жөніндегі жоғары кеңестің төрағасы Сади Гювенмен және саяси партиялардың өкілдерімен кездесті. Кездесулер барысында сайлауға әзірлік жөніндегі шаралар және Түркияның сайлау тұғырнамасы мен жетекші саяси күштері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Миссия сайлауды басқаруда ешқандай тәртіп бұзушылықтардың байқалмағанын және тиісті органдар ресурстармен қамтамасыз етілгені әрі сайлауды өткізуге кәсіби даярланғаны туралы атап өтті.

Миссия 2018 жылғы 24 маусымда Түркияда өткен президенттік және парламенттік сайлау Түркияның ұлттық заңнамасына және халықаралық сайлау стандарттарына сай өткені туралы қорытындыға келді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар