15 Желтоқсан, 2011

«Жан серігім – гитара»

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Өскеменде тұңғыш рет респуб­ли­калық «Жан серігім – гитара» ән фестивалі өтті. Оны облыстық мәдениет басқармасы ел Тәу­ел­сіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнады. Шараға Қорабай Есенов, Сейіл Аяғанов, Қадырғали Көбентай, Ержан Белғозиев, Гүл­ми­­­­ра Ақүрпекова, Баян Нұрмышева сияқты гита­ра­ны шебер меңгерген майталмандар қатысып, өскемендіктерді тәнті етті. Сонымен бірге, Болат Хамзин, Алтай Мүбәрак, Бекзат Омашев, Гүлдана Ноғайбаева сияқты жас гитарашылар да өз өнерлерін талғампаз жұртының назарына ұсынды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев гита­рашы­лар фестиваліне қатысушыларды құттықтап, алдағы уақытта да мұндай шараның тұрақты өтіп тұратынын айтты. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.