Қазақстан • 27 Маусым, 2018

Қазақстан-Қытай: 51 ин­вес­тициялық жобаның төртеуі іске асырылды

276 реткөрсетілді

Шығыстағы қоңсымыз Қытай – әлемдік аренадағы аса ірі инвестор ретінде әлдеқашан өзін мойындатқан мемлекет. Соңғы жылдары басқаларын айтпағанда, Еуроодақтың дамыған елдерінің өзі түрлі бағдарламаларды жүзеге асыру үшін Қытай инвестициясына иек артуды жөн көреді. Қытаймен арада екіжақты тиімді байланыстың тетігін тапқан Қазақстан да осы үрдістен қалыс қалмақ емес. 

Жалпы, бұл ел – біздің стра­тегиялық әріптестеріміздің бірі. Қазақстан мен Қытай ара­сын­дағы жоғары деңгейдегі бай­ла­ныс­тардың жыл санап нығайып келе жатқаны сияқты, сауда-эко­но­микалық қарым-қатынастар да дами түсуде. Бұл орайда «Жі­бек жолы» экономикалық бел­деуі бағдарламасы екіжақты әріптестіктің дамуына ерекше серпін бергенін атап өту керек. 2015 жылдан бергі аралықта индус­трияландыру және инвестиция салу саласында бірлескен бағ­дарламалар көптеп жүзеге асы­рыла бастағанын, бұл бағытта бар­лығы 27 миллиард доллардан астам соманың 51 жобасы жүзеге асы­рылатыны осының айқын белгісі. 

Бірлескен жобалардың бір­қата­рын тілге тиек етіп көрейік. «Қорғас – Шығыс қақпасының аумағындағы құрлық портын да­мытуға көрші елдің COSCO Shipping және Lianyungang Port Holding Group Co. Ltd компаниялары әріптес ретінде атсалысуда. Қорғастағы құрлық пор­ты Қытайдан бастау алып Орта Азия елдері, Түркия, Пар­сы шы­­ға­нағы елдерінің аума­ғы арқылы өтетін, Еуропа мем­лекеттерін қамтитын дү­ние­­жүзілік нарықтағы аса маңыз­ды стратегиялық нысан – логис­тикалық хабтың қызметін атқа­руға тиіс. 

Әріге бармай-ақ, биылғы жылдың алғашқы жартысында-ақ Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар инвестициялық жобалар қолға алынды. Маусым айының басында Президент Н.Назарбаевтың осы елге жаса­ған сапарының аясында еліміздің Инвестициялар және даму минис­трлігі мен ҚХР Даму және реформа жөніндегі мемлекеттік ко­мис­сиясы арасында маңызды ме­морандум жасалды. Осы сапар барысында өткен Іскерлік фо­румда 8,7 миллиард доллардан астам қаржы салынатын 17 инвестициялық құжатқа қол қойылды. 

«Kazakh Invest» ұлттық ком­па­ния­сының деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңда Солтүстік Қазақ­стан облысында Xi’An Aiju Oil and Grain Co. Ltd. ком­пания­сының қатысуымен рапс майы өндірілетін ірі жоба табыс­ты жүзеге асырылуда. Өткен жы­лы облыстағы «Тайынша Май» кәсіпорнына қойылған қо­сым­ша қондырғының арқасында күнбағыс майы мен зығыр майын өндіруге мүмкіндік туып, өнім шетелдерге экспорттала бастады. Биылғы 150 мың тонна рапс шикізатын өңдеу арқылы 60 мың тоннадан астам рапс майын шығару жоспарланып отыр. 

Биылғы жылдың алғашқы жартысында «Kazakh Invest» ком­паниясының ұйытқы болуымен «КазАзот» АҚ, «Cathay Industrial Biotech, Ltd.» және «CITIC Construction Co., Ltd.» компаниялары арасында біре­гей кластерлік жоба бо­йын­­ша маңызды келісімге қол қо­йыл­ды. Аталған жоба ас­тықты терең өңдеуге, полиамид материалдарын алуға мүм­кіндік береді. Ал бұл материалдан жа­санды мата, пластик және полимер жабындыларын алу­ға болады. Әлемде мұндай тех­нологияға тек қытайлық «Cathay Industrial Biotech, Ltd.» компания­сы ғана иелік етіп келгенін атап өткен жөн. Енді біздің елімізде де дәл осындай зауыт салынбақ. Бұл жобаға шамамен 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылуға тиіс. Экспортқа бейімделген өнім өндіру – еліміздің индус­трия­лық-инновациялық бағ­дарламаларының негізгі бағытта­рының бірі. Жаңа зауыт жаңа жұмыс орындарының ашылуын, қосымша салық түсімін қамта­масыз етіп, бюджетті толықтыра түсетіні сөзсіз.

Индустрияландыру және инвестиция саласындағы Қазақстан-Қытай әріптестігін дамыту аясында тұтас кластерлерді дамыту көзделген. Мәселен, Allur Group компаниясы көрші елдің China National Machinery Import & Export Corporation компаниясымен бірлесіп, кешенді автоөндіріс құрып, қытайлық белгілі брендтерге жататын атвомобильдер мен жүк көліктерін шығаруды, автосаймандар жасауды қолға алып отыр. Аталған жоба Қазақстанда шығатын авто­көліктердің модельдерін кеңей­туге, автокөліктердің экспорттық әлеуеті жоғары жаңа түрлерін шы­ғаруға жол ашады.

Атырауда салынып жатқан газ­хи­мия кешені де Қытайдың инвести­циялық әлеуеті тиімді пайдаланылып жатқанының бір көрінісі. «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» пен China National Chemical Engineering Co.Ltd. компаниялары­ бірлесіп жүзеге асырып жатқан ауқымды зауытта полипропилен өндірісі жолға қойылмақ. Мем­лекет басшысы Н.Назарбаев мұнай-химия өнеркәсібін дамыту қажеттігін айтып, Үкіметке осы бағытта нақты тапсырмалар жүктегені белгілі. Бұл орайда Атыраудағы алып кешен батыс аймақта мұнай-химия кластерін қалыптастыруға жол ашып, ел экономикасын дамудың жаңа сатысына көтереді деп күтілуде. 

Қазақстан мұнай-газ экспорты бо­йынша әлемдік нарықтың белді ойыншысы саналғанымен, шикізатты өңдеу ісі кейін қалып келгені белгілі. Ал Атыраудағы кешен көмірсутегін тереңдетіп өңдеуге мүмкіндік береді. Поли­мерлер өндірісі өнеркәсіп салаларын әртараптандыруға ықпал етсе, экспортқа бейімделген өнім­дер шикізатты тереңдетіп өңдеудің жаңа бағыттарын қа­лып­тастыруға мүм­кіндік ту­ғы­зады. Аталған газ-химия кешені іске қосылғанда Атырау өңі­рінде жаңадан 500 жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. 

Жоғарыда айтылған 51 ин­вес­тициялық жобаның 4-еуі бү­гінге дейін жүзеге асырыл­ғанын айта кетейік. Ағымдағы жыл соңына дейін Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында тағы 8 жоба аяқталады. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының хабарлауынша, бұл жобалар металлургия, мұнай және газ өңдеу, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, электр энергетикасы, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс өнеркәсібі, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, көлік және логистика салаларын қам­тиды. 

Жалпы, көрші елдің компанияларымен бірлескен жобалар еліміздің 14 облысында, сон­дай-ақ Алматы мен Астана қалаларында іске асырылмақ. 1 жоба жоспарланған Алматы облысы, әрқайсысында 5 жобадан жүзеге асырылатын Қарағанды мен Түркістан облыстары осы көр­сеткіш бо­йынша көш басында тұр. 

Халықаралық сарапшылар соңғы бірнеше жыл ішінде Қы­тайдың ин­вестициялық әлеуеті арта түскенін айтады. Көрші елдің бұрынғыдай Азия аумағымен шектеліп қалмай, Еуропа елдерін, тіпті алыстағы Африканың кей­бір мемлекеттерінде ірі жобаларды қолға алғаны осыны аңғартады. Бұл елмен ежелден іргелес орналасқан Қазақстан да Қытайдың экономикалық әлеуетін өз пайдасына жаратып, екіжақты тиімді байланысты одан әрі дамыта түсуге ниетті. 

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Іргелі ізденістер ошағы

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Бірегей гибридті операциялық зал

Технология • Бүгін, 09:21

Оқу мен оқымаудың арасы

Әдебиет • Бүгін, 09:16

Жамбыл ескерткіші жаңғырды

Аймақтар • Бүгін, 09:15

Өзбек еліндегі өнер мәуесі

Руханият • Бүгін, 09:13

Ерен тоғайын сақтау парызымыз

Қазақстан • Бүгін, 09:11

Түйткілі таусылмаған туризм

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Арам ойы іске аспады

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Дениссіз өткен бір жыл

Спорт • Бүгін, 08:59

Қоқыс өңдейтін мекемеде болды

Аймақтар • Бүгін, 08:51

Даудың басы – Dragonfly

Әлем • Бүгін, 08:41

Атырау – Арыспен бірге

Аймақтар • Бүгін, 08:34

Сенім – мемлекеттің тірегі

Руханият • Бүгін, 08:31

Күтім болмаса, топырақ та тозады

Қазақстан • Бүгін, 08:25

Ерді сыйлар ел қайда?

Қоғам • Бүгін, 08:19

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • 20 Шілде, 2019

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар