28 Маусым, 2018

Астанада Қазақстан-Жапония бизнес-форумы өтті

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Астанада Қазақстан-Жапония бизнес-форумы болып өтті.  Форумды қысқаша кіріспе сөзбен ашқан Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Жапония Қазақстанның Шығыс Азиядағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін айтты. Ол екі ел арасында 2015 жылдан бері Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің жұмыс істеп келе жатқанын еске салды.

Астанада Қазақстан-Жапония бизнес-форумы өтті

«Қазақстан тәуелсіздік ал­ған алғашқы жылдардан бас­тап шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау нәти­­жесінде экономикалық өсім­ге қол жеткізді. Жапония – Қазақ­станның ірі инвестор­лары­ның бірі. 2005-2017 жылдар ара­лығында Жапониядан Қазақ­станға құйылған тікелей инвести­цияның көлемі 5 млрд АҚШ долларынан асты», деді А.Қабыкенов.

Ал 2017 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстаннан Жапо­ния­ға 886 млн АҚШ доллары­ның тауары экспортталыпты. 2018 жылдың 1 мамырындағы жағ­дай бойынша Қазақстанда жапон тарапының қатысуымен 77 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген.

Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министр­л­ігінің халықаралық істер жө­ніндегі вице-министрі Тадао Янасэ жапондық компания­лардың Қазақ­станға инвести­ция салуға қызығу­шылық таны­тып отырға­нын атап өтті. Осы мәселе бойынша сөз алған Қазақстан-Жапо­ния эконо­микалық комиссиясы төр­аға­сының орынбасары, «ИТОТЮ» корпорациясының кеңесшісі Тосиюки Косуги: «Қазір біз екі ел арасындағы даму стра­те­гиясының жаңа бастама­ларын жүзеге асыруды қолға алып отырмыз. Өткен жылы Қазақ­­­стан Үкіметі «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасын қабыл­дады. Осы бағыт бойынша әрі қарай да көптеген тиімді жұмыс­тарды жүзеге асыра алар едік», деді өзінің сөзінде.

Сонымен, Қазақстан-Жапо­ния екіжақты ынтымақтас­тық форумы аясында бірнеше меморандумға қол қойылды. Солардың қатарында жылумен, сумен жабдықтау, ядролық энер­гетика және Алматы қала­сында қалалық көлікті дамыту бойынша маңызды жобалар бар. Атап айтқанда, «Kazakh Invest» басқармасы­­ның төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Марубэни Корпорейшн» компаниясының вице-төр­аға­сы Ямадзоэ Сигеру Алматы қала­сында қалалық көлікті дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«КазЦентр ЖКХ» АҚ, «Mitsui & Co LTD» және «Japansystem Planing LTD» ара­сында жылу және сумен жаб­дықтау жүйе­лерінде қанатқақты жобаны жүзеге асыру бойын­ша өзара түсіністік пен ынты­мақтастық туралы ме­моранд­умға, «Kazakhstan Nuclear Power Plants» пен «The Japan Atomic Power Company», «Marubeni Utility Services Ltd» арасында ядро­лық энергетика саласындағы ынтымақтас­тық туралы меморан­думға қол қойылды.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»