15 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №72/132

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2011 жыл 14 желтоқсан,   Астана қаласы

«Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының

партиялық тізімін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 66/125 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының пар­тия­лық тізімін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 66/125 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген партиялық тізімнен Елубаев Смағұл Абатұлы, Сәрсекбаев Бақыт Әбдірахманұлы және Тұрланов Марғұлан Қыдырманұлы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін. 3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.  

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

хатшысы Б.МЕЛДЕШОВ.