Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралықтағы 6 стационарлық бақылау бекеттерінде орташа жылдамдықты өлшеу құрылғылары іске қосылды. Ал республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында бақылауды күшейту үшін жақын орналасқан 32 елді мекеннің учаскелік полиция инспекторлары қызметтік автокөліктерімен күн сайын сағат 12:00 мен 13:00 және 19:00 мен 22:00 аралығында қосымша күш ретінде кезекшілікке бекітілді.
Сонымен қатар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы қауіпті саналатын 51 аумақ бойынша мәліметтерді «Яндекс» навигациялық қосымшасына енгізу жөнінде ұсыныс берілді.
Автожол бойында қарсы бағытқа шығуды, бұрылыс ережелерін бұзуды және басқа да құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында департамент теңгеріміндегі 4 және «Қазақтелеком» мекемесінің қолдауымен қосымша 2 дрон жол бойын бақылайды.