Бокс • 30 Маусым, 2018

GGG - «Канело» жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA/WBC/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 15 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жекке билеттердің сатыла бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

GGG - «Канело» жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады

«Билеттердің алдын ала сатылымы ертең Тынық мұхиты уақытымен сағат 10.00-ден (Астана уақыты бойынша 23:00) басталады. GGG промокодын пайдалануды ұмытпаңыздар», - деп жазды боксшы өзінің Инстаграм парақшасында билеттерге алдын ала тапсырыс беруге болатын сілтемемен бөлісіп.

Головкин-Альварес II бокс кеші 15 қыркүйек күні Лас-Вегастың уақытымен сағат 17:00-де (Астана уақытымен 16 қыркүйек сағат таңғы 06:00) басталады. GGG мен «Канело» WBA, WBC  және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласады. Дәл қазір бұл титулдарға қазақстандық боксшы ие болып отыр.