Аймақтар • 01 Шілде, 2018

Семейде құқық қорғаушылар арасындағы жемқорлық фактілері талқыланды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құқық қорғаушылардың өзі құқық бұзатын факті жиілеп кетті. Осыған орай бүгін Семей қаласында Затон аудандық полиция бөлімінің қызметкерінің келеңсіз жағдайы талқыланды. 

Семейде құқық қорғаушылар арасындағы жемқорлық фактілері талқыланды

Әзірге кінәлі деп танылып отырған айыпкер өзінің қызметтік автокөлігінде 100 мың теңге пара алған кезінде ұсталыпты. Яғни қалта телефонына қатысты қылмысты бүркемелеп қалу үшін толығымен барлығы 300 мың теңге сұраған.

-Бұл оқиғаның орын алу себебі, Затон аудандық плиция бөлімінде басшылық тарапынан қадағалаудың болмауы,-деп түсіндірді сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ауданаралық басқарма бастығының Семей өңірі бойынша орынбасары Бақытжан Өтепов,-бұл сыбайластыққа орай тіркелген жалғыз факті емес, өткен жылдың өзінде Семейде 97 қылмыс тіркелсе, оның 30-ын полицейлер жасап отыр. Сыбайлас жемқорлық қылмысының үштен бірі полиция қызметкерлерінің еншісінде. Мәселен, Семей қалалық ішкі істер басқармасы жол-патруль жасағының бірнеше қызметкері 20 мың теңге пара алған кездерінде ұсталды. Ал 2018 жылдың алғашқы жартысында-ақ, сыбайлас жемқорлыққа орай тәртіп сақшыларының арасында 17 қылмыстық іс тіркеліп отыр.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

Суретті түсірген автор

Семей.