Бизнес • 03 Шілде, 2018

Астанада мемлекет пен бизнестің серік­тес­тігі туралы форум өтті

94 реткөрсетілді

Кеше Астанада «Мемлекет пен бизнестің серік­тес­тігі – экономиканы жаңғырту негізі» атты фо­рум болып өтті. Форумды Қазақстан салық төлеу­ші­лері ассоциациясы басқару кеңесінің төрайымы Жанат Ертілесова жүргізді.

Форумда Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сөз сөйлеп, аталған заңдағы өзгерістер мен толықтыруларды орта­ға салды. «Биылғы 24 мамырда Мемлекет басшысы кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру үшін тиісті заңға қол қойған бо­латын. Бұл маңызды құ­­жат­тағы түзетулер мен то­лықтыруларды енгі­зу оңай болған жоқ. Кә­сіп­­керлердің пікірі мен ұсыныстарын білу үшін жарты жыл бірлесіп жұ­мыс істедік. Содан кейін жар­ты жыл Парламентте осы өзгерістерді мұқият қа­­рауға кетті. Бизнесті қай­­та реттеу және оның шы­ғындарын азайту, әкім­ші­лік кедергілерін жою және кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру бойынша жүргізіліп жат­қан сая­сат ескеріле отырып, заң мемлекеттік ба­қы­лау-қадағалау қыз­метін реформалау, ақ­па­рат­тық құралдарды реттеу, табиғи монополия­лар субъектілері және ква­зи­мемлекеттік сектор көрсететін міндетті қыз­меттерді реформалау, реттеушілік әсерге тал­­дауды жетілдіру, биз­нес шығындарын тү­бе­гей­лі төмендету, бәсе­ке­лестікке кедергі кел­тіретін нормаларды анық­тау және алып тастау, Қазақстанның «Doing Business» рейтингісінде позицияларын жақсарту секіл­ді бағыттар бойын­ша әзірленді. Мәсе­лен, мем­лекеттің бақылау-қа­да­ғалау қыз­метін реформалау мә­се­лесіне келсек, ен­ді тексеруші кәсіп­кер­ді бір­­ден жаза­лау­­ға жү­гін­бей, оған кем­ші­лік­терін тү­зетуге уақыт береді. Мұ­ны про­фи­лактикалық ба­қы­лау деп айтуға болады», деді министр.

Форумда кәсіпкерлер та­рапынан министр­ге көптеген сұрақтар қой­ыл­ды. Мәсе­лен, «Сіз жаңа кә­сіп­керлер салған нысан­ды монополистік комму­нал­дық қызметтерге тап­сырудың белгілі бір мерзімі белгіленеді де­діңіз. Сонда ол қандай мерзім?» деп сұрады. «Ең ары кеткенде жарты жыл деп отырмыз» деп жауап берді мини­с­тр. Осыған қосымша Жа­нат Ертілесова енді осы мәселе бойынша ар­наулы сайт жұмыс істей­тіндігін, кәсіпкер ны­санды коммуналдық қыз­м­еттерге қосу жөнінде осы сайт арқылы өтініш бе­ре алатындығын, бұл жағ­дай коммуналдық қыз­мет көрсетуші мон­о­-
полистердің жаңа нысан­ды қабылдап алу жөнін­дегі әрекеттерін ашық қадағалауға алып келетін­дігін жеткізді.

Форумда «Атамекен» ҰКП Басқарма төра­ға­сының орынбасары Рус­лан Жүрсінов сөз алып, атал­ған заң жобасын әзір­леуге кәсіпкерлердің бел­сене қатысқандығын, бұл бел­сенділіктің өзін ақ­та­ғандығын, кә­сіп­кер­лер айтқан ұсы­ныс­тың 96 пайызы қабыл­дан­ғандығын айтып өтті. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан» 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Ұқсас жаңалықтар