Қазақстан • 03 Шілде, 2018

Ел намысын Ернар қорғайды

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Славянский базар в Витебске» Халықаралық өнер фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Халықаралық өнер фестивалі Беларусь мемлекетін дүние жүзіне танымал еткені белгілі. 1995 жылдан бастап фестиваль Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко мырзаның жеке қолдауымен, көп жылдар аралығында осы музыка форумы басқа елдер мен халықтар аралығында мәдениеттер диалогының дамуына ықпал етіп келеді.  

Ел намысын Ернар қорғайды

«Қазіргі уақытта фести­вальдің ашық аспан астында өтпеуі мүмкін емес, себе­бі суретшілердің керемет шығар­малары, шеберлер қаласы, халықтық ұйымдар бүкіл халыққа көшелерде көрсетіледі. Фестиваль күндері дәстүрлі түрде одақтас мемлекеттер кү­ні, Беларусь, Ресей, Украина өнер шеберлерінің гала-кон­церті, «Фестиваль без границ», «Театральные встречи», «Звезд­ный час» бағдарламалары өткізіледі. Осы керемет фести­вальде Қазақстан күнін өткізу егеменді Қазақстанның өз әле­уетін толығымен ашып көрсетіп, жаңа мәдениеттік байланыстар орнатуға мүмкіндік алады. Жас әртістерге үлкен сахнада өнер көрсету мүмкіндігін жиі беріп тұру керек, себебі мұн­дай тәжірибе олардың әрі қарай шығармашылық дамуына себеп болады. Оның үстіне, өнер тобының өз таланттарын ортаға салуы Қазақстан ерек­шелігін әлемдік аренада таны­туға үлесін қосатыны анық. Сла­вян базарындағы Қазақстан күні «Ұлы Дала өнері» атымен тұңғыш рет өткізілмекші. Біз еліміздің ерекшелігі мен төл мәдениетін және бүгінгі таңдағы табыстарын халықаралық дең­гейде ортаға салып, жария ету­ді мақсат тұтып отырмыз», деді Мәдениет қайраткері, Қа­зақ­­стан мен Орталық Азия­дағы «Славянский базар» халық­аралық фестивалінің ресми өкілі Қарлығаш Әбді­кәрімова.

«Славянский базар в Ви­тебске» конкурсына қаты­сып, еліміздің мәртебесін көтерген өнерпаздардың арасында Әлішер Кәрімов, Динара Сұл­­тан, Димаш Құдайберген, Адам, Ержан Максим, Луиза Нұр­қуа­това бар. Ал биылғы бай­қау­да Қазақстанның намысын көп­шілік тыңдарманға «Әміре» де­ген атпен танылған әнші Ер­нар Садырбаев қорғайтын болады.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі мол «smartlook»

Технология • Бүгін, 08:12

Ертеңгі күннің жобасы

Экономика • Бүгін, 08:02

Салаға арналған сан алуан өнім

Экономика • Бүгін, 08:01

Тоғанда тұқы өсіреді

Аймақтар • Бүгін, 07:50