Аймақтар • 03 Шілде, 2018

БҚО-да «Астана» атты балабақша ашылды

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы орталығы – Чапаев ауылында 100 орындық жаңа балабақша ашылды. Балабақша иесі, ауыл кәсіпкері Әлия Шоқанова жаңа білім ордасына «Астана» деген атауды лайық көріпті.

БҚО-да «Астана» атты балабақша ашылды

Жаңа ғимараттың аумағы 277 шаршыметрді алып жатыр. Бұл жерде жергілікті 15 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Бір ерекшелігі – жаңа балабақшада бүлдіршіндер кешкі 8-ге дейін бола алады. Мұның өзі ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы болып отыр.

Балабақшаның ашылу салтанатында сөз алған Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов Чапаев ауылында балабақша кезегінде тұрған сәбилердің саны 523-ке жеткенін айтты. Ауылда бұған дейін «Жібек», «Аяна» атты жеке балабақша қызмет ететін. Енді, міне, мемлекет пен жеке кәсіпкердің серіктестігі негізінде тағы бір балабақша есігін айқара ашты. Осылайша ауылда балабақшаға деген зәрулік азайып келеді.

- Жаңа балабақшада болашақта робот техникасы үйірмесін ашу жоспарда бар. Ауылда 15 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан Әлия Серікқызының бастамаларына жергілікті билік өкілдері әрдайым қолдау көрсетеді, - дейді Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

Соңғы жаңалықтар

Балқарағай – байлық

Аймақтар • Бүгін, 07:42

Ұлылар үндестігі

Қоғам • Бүгін, 07:40

Басымен кірген кітапқа

Әлем • Бүгін, 07:38

Рухани қазына орталығы

Руханият • Бүгін, 07:37

Шынжырланған шығармалар

Әлем • Бүгін, 07:35