Өнер • 04 Шілде, 2018

Парижде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

97 реткөрсетілді

  Қазақстанның Франциядағы елшілігінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Ұлттық домбыра күніне орай салтанатты шара өтті.

Шара барысында, диаспора өкілдері мен Франция азаматтары асырап алған қазақ балалары, «Қорқыт» мәдени орталығының жеткіншектері, елшілік қыз­меткерлері мен олардың отбасы­лары бірлесе мерекелік концерт­тік бағдарлама ұсынды. Дом­бырада ұлы сазгерлердің күйлері мен танымал халық әндері орындалды. Сондай-ақ көрермендер қобыз, жетіген және басқа да му­зыкалық аспаптардың сүйе­мел­деуімен шығармалар тың­дады.

Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Ғалиев шараның ашылуындағы сөзінде жиналған қауымды құттықтап, Елбасының бұл мерекені еліміздің ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақ­тау және қайта жаңғырту мақсатында бекіткенін жеткізді. Ол, сондай-ақ 2014 жылы дәс­түрлі қазақ домбырасындағы күй орындау өнері ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгі­зілгенін атап өтті.

Сонымен қатар Ж.Ғалиев Франциядағы қазақ мәдениетін насихаттау бойынша белсенді жұмысы үшін «Қорқыт» орта­лығына алғысын білдірді.

Елшілікте бас қосқандар дом­быраны халқымыздың бай мәдени мұрасының негізгі сим­волдарының бірі екендігін атап өтті және жаңа мереке барлық қазақстандықтардың ұлт­­тық біре­гейлігі мен бірлігін ны­ғай­туға ықпал ететін жақсы дәс­түр­­ді қа­лып­тастыратынына сенім біл­дірді.

«Егемен-ақпарат»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар