16 Желтоқсан, 2011

Мереке жаңа клубта өтті

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік тойына арналған салтанатты жиын Ынтымақ ауылында жаңа клубта өтті. Сөйтіп, көпшілік мәдениет ошағында бірінші рет жайлы жағдайда мерекелік концертті тамашалады. Бұқар жырау ауданындағы осынау елді мекенде 80-нен астам отбасы тұрады. Бұған дейін мәдени шаралар мектеп үйінің спорт залында өткізіліп келген-ді. Бұдан былай қа­рай клубтың есігі әрдайым ашық. Оның бой көтеруі, әсіре­се, жастарға үлкен қуаныш әкелді. Бұрыннан да талантты өнерпаздарымен белгілі ауыл өмірі енді көріктене түсетіні анық. Өйткені, мұнда әртүрлі үйірмелер құрылып, жастар бос уақыттарын мәнді де сәнді өткізуге тартылмақ. «Егемен-ақпарат». Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы.