16 Желтоқсан, 2011

Егемен елдің еңселі ескерткіштері

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Торқалы той ал­дын­­­­да «АСА» Баспа үйі» ЖШС шығарған «Та­­­­рих­­­­­тың өш­­пес беттері» атты альбом тәуелсіздік жылда­­­­рында тұрғы­­­зыл­­­­ған ескерткіштерімізді бей­­не­леу­­­­­­ге арнал­ған. «Қол­да­ры­­­ңыз­дағы ба­сылымда тәу­­­ел­сіздік алға­лы жиырма жыл ішінде Қазақстанда дүниеге келген мүсін өне­рінің таң­дау­лы ескерткіш­­терінің фотосуреттері қам­­тылған. Республика тари­­хындағы елеулі оқиғалар мен траге­диялық кезең­дерге, тарихи тұлғалар мен мемлекет және қоғам қайраткерле­ріне арналған ескерткіштер жанына олар туралы қысқаша тұжырымды мағлұматтар, ел аузындағы қанатты сөздер және тарихи тұлғалардың өздерінен қалған ұлағатты ой-пікірлер, айтулы сөздер қоса берілген. Басылым тарихи құндылықтарды бағалаушы қалың оқырманға арналған», делінген кітап-альбом­ның аннотациясында. Альбом беттерінен халқымыздың арғы-бергі тарихындағы айтулы тұл­­­ғал­ар­ды да, еліміздің ғылым мен мәдениетінде ерекше із қал­дырған белгілі қайраткерлерді де таба аласыз. Әр мүсіннің тұсында қысқа да нұсқа мәтінмен тұлғаның өмір сүрген уақыты, атқарған игілікті ісі, жасаған ерлігі туралы айтылғаны өте орынды шыққан. Кітап-альбомның тағы бір құнды қыры – елімізден тыс жерлерде орнатылған мүсін ескерткіштерін де қам­титындығы. Мысалы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа Қыр­ғызстанның Шолпаната қаласында тұрғызылған ескерткіштің фотосын көптеген оқырмандардың алғаш рет осы кітаптан көре­тіні күмәнсіз. «Тарихтың өшпес беттері» кітап-альбомы Тәуелсіздіктің бізге берген сыйларының бірі – елдігімізді еңселендіретін ескерткіш­терді өз қалауымызша тұрғызу мүмкіндігін алғанымыз екендігін танытады. Кітапты оқи отырып, біздің елдік санамыздың осы жылдарда орнығуына мүсін өнерінің де өзіндік үлес қосқанын анық көреміз.

«Егемен-ақпарат».