Аймақтар • 05 Шілде, 2018

Қызылордада «Нұр Отан» партиясына жаңа мүшелер қабылданды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада «Нұр Отан» партиясына жаңа мүшелер қабылданды.

Қызылордада «Нұр Отан» партиясына жаңа мүшелер қабылданды

Қызылорда облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев Астана күні мерекесі қарсаңында партия қатарына қабылданған нұротандықтарды құттықтап, партия билеттерін табыстады.

- Біз осындай санаулы мерзім ішінде Еуразияның маржанындай болған, әсем де көрікті қала тұрғыза алдық. Бұл барша қазақстандықтардың береке-бірлік, тындырымды тірлігінің арқасында іске асқан дүние. Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында еліміздегі жетекші саяси ұйымның қатарына жаңадан қабылданып жатқан азаматтарды, партияластарды Мемлекет басшысы, партия Төрағасының стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасауға шақырамын. Экономикалық дамудың жоғары қарқынын және барлық азаматтардың әл-ауқатын талап деңгейінде қамтамасыз етуді ел алдындағы міндетім деп қабылдайды деген сенімдемін,- деді аймақ басшысы.

 Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

  Қызылорда облысы