Қазақстан • 05 Шілде, 2018

«Егемен Қазақстан» журналистері марапатталды

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Жиын барысында газеттің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі ұжымды Астана күнімен құттықтады. 

«Егемен Қазақстан» журналистері марапатталды

«Елордамыз Алматыдан Ақмолаға ауысқанда қолдау білдіріп, Астанаға көшкен алғашқы ұжымдардың бірі «Егемен Қазақстан» болды. Содан бері Астананың даму шежіресі газетімізде кең көрініс тапты деп айтсақ, қателеспейміз. Астана күні баршамызға құтты болсын!», деді Д.Қыдырәлі.

Жиын барысында газет шолушысы Қарашаш Тоқсанбай мен суретші Айдарбек Ғазизұлына «Астанаға – 20 жыл» мерейтойлық медалі табыс етілді. Сонымен қатар, бас редактордың орынбасары Сейфолла Шайынғазы және жауапты хатшы Самат Мұса Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, ал тілшілер Абай Асанкелдіұлы, Гүлнұр Қуанышбекқызы, аға бет қаттаушы Алмас Манап министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды.