16 Желтоқсан, 2011

«20 жыл –Тәуелсіздік қызметінде» атты жаңа кітап жарық көрді

336 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кешегі кеңестік жүйеден бө­­лінген тұста мемлекеттік қыз­меттің жүйесін қайта реформалау арқылы жаңа қо­­ғам­ға лайықты мемлекеттік басқару институтын құру қа­­жеттігі күн тәртібінде болды. Әрине, бұл айтқанға оңай болғанымен, ат­қаруы күрделі екендігі түсінік­ті. Алғаш жү­­­зеге асырылған, өзге елдерде аналогы жоқ мұн­дай құ­ры­лым «Мемлекеттік қыз­меттің қазақстандық моделі» деген түсініктің қалыпта­суына ық­пал еткеніне бүгінде көз жеткізіп отырмыз. Еліміздегі мем­лекеттік қызмет жүйесін реформалауда қол жеткен та­быстар, өзімізде ғана емес, шет ел сарапшыларының да жоғары бағасына ие. Соның нәтижесін­де жаңа мемлекеттік қызмет моделінің президенттік тұжы­ры­мы – «Ұлтқа қызмет ету» түсінігімен сәй­кестеніп, ха­лыққа қызмет етіп келеді. Міне, толымды тәжірибе жи­нақталған қызметке байла­нысты тәуелсіздік мерейі қар­са­ңында жаңа кітап жарыққа шықты. Қазақстан Республикасы мем­­­­лекеттік қызмет агенттігі об­лыстық аумақтық басқарма­сы­ның бастығы – Тәртіптік кеңес­тің төр­ағасы, экономика ғы­лым­да­ры­ның докторы, профессор Серікбай Нұр­ғисаев­тың «20 жыл тәуел­сіз­дік қыз­ме­тінде» атты кітабы мерейлі мерекеге ла­йықты тарту деуге әбден болады. Автор еліміздегі мемлекеттік қызмет агенттігі облыстық бөлім­шесінің жұмысын негізге алумен қатар Елбасы Нұр­сұлтан Назар­баевтың мемлекеттілігімізді қа­лып­тасты­­ру­­­да­ғы қажырлы еңбе­гін, мемлекеттік қызметтің қа­зақ­стан­дық моделін жасаудағы жан­қиярлық жұмысын жан-жақ­ты ашып көрсетуімен құнды. Кітапта мемлекеттік құры­лым­ның мысырлық, гректік, римдік, қытайлық үлгілерімен бірге өзіміздегі осы тұрғы­дағы алғаш­қы құрылымдарға да талдау жа­салған. Мәселен, кең байтақ да­ладағы адам құ­­­қығы мен билер соты, Тәуке ханның «Жеті жар­ғысынан» бастап, оларды бүгінгі заман­ның жаңарған үрдісімен бай­ланыстырады. Аталған кітаптың бүгінгі өр­кениетке бет алған қоғамдағы орны жайлы Қазақстан Рес­пуб­­ли­касы Пре­зиденті Әкім­шілігі же­тек­шісінің орынба­са­ры Бау­ыр­­жан Бәйбек, Алматы облы­­сының әкі­мі Аңсар Мұса­ха­нов, Қазақ­стан Республи­касы Мемлекеттік қыз­мет агент­тігі­нің төр­­­ағасы Әлихан Байменов жо­ғары баға берсе, та­нымал ға­лым­­дар Ержан Исақұ­лов, Уә­лихан Қа­ли­жан, Аманжол Қаса­бек, Әбді­­манап Бектұрғанов, Әбі­­­к­ен Тоқ­тыбеков, Рүстем Жоламан жә­не басқаларының ма­қала­ла­­ры­ның кітапқа енуі оның сал­мағын арттыра түскенін көреміз. Кітаптың мемлекеттік қыз­мет саласында еңбек еткен адам­­дардың күнделікті жұмы­сына, «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану» маман­ды­ғы бойынша оқып жүр­ген студенттерге және мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты мәлімет алғысы келетін кез келген жанға тигізер пайдасы зор. Елімізде тәуелсіздік алған 1991 жылы басталған Қазақ­стан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі даму мен жетілу кезеңін басынан өткізіп, тарих еншісіне қалып барады. Осынау ауқымды жұмысты зерт­теп, оны болашақ ұрпақтың рухани мұ­­­расына айналдырған Серікбай Нұрғисаевтың бұл ізденісі ал­­­дағы уақытта да жал­ғасын табар деген үміттеміз. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.