Аймақтар • 11 Шілде, 2018

Қостанай облысында 8 жасар қызды найзағай соғып, қаза тапты

757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанай облысында 8 жасар қызды найзағай соғып, қаза тапты

Қостанай ауданына қарасты Рыспай деген ауылда 8 жасар қыз баланы найзағай соғып, оқиға орнында қаза тапты. Қыз жаңбыр жауып, найзағай ойнаған кезде көшеде жүрген, дүкеннен қайтып келе жатқан. Оқиға кешке қарай болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпарат парақшасында «Найзағай соғу себепті 2010 жылы туған қыз бала қайтыс болды» деп жазылған. Облыс өңірінде күн ыстық болып тұрғанмен, жиі өтетін салқын ауа ағынынан жаңбыр жауып, найзағайдың ойнауы жиі болып тұр.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай