Қазақстан • 13 Шілде, 2018

Алматыда бірінші рет түнгі велошеру өтеді

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең, яғни шілденің 14-і  күні алып шаһарда  осы жылғы бірінші түнгі велошеру өтеді. «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін велошерудің  қашықтығы 7 шақырымды  құрайды. 

Алматыда бірінші рет түнгі велошеру өтеді

Кез келген қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналып,  спорттық шара 20:30-да бастайды. Әуесқойлар әл-Фараби даңғылымен көтеріліп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында  мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық – велосипед.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің оныншысы болып саналады.

Дайындаған Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ