Парламент • 13 Шілде, 2018

Сенатор Т. Мұқашев Польша Сенаты мен Сеймінің басшыларымен кездесті

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Төлеубек Мұқашев Польша парламентаризмінің 550 жылдығына және Польша тәуелсіздігінің қалпына келуінің 100 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысуда, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенатор Т. Мұқашев Польша Сенаты мен Сеймінің басшыларымен кездесті

Сенатор 13 шілдеде Польша Парламентіндегі мерейтой күніне арналған салтанатты отырысқа қатысты.

Варшаваға сапар аясында Польша Парламенті қос палатасының төрағаларымен кездесу болды. Т. Мұқашев Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Польша Сенатының маршалы Станислав Карчевскийді осы елдің тарихындағы маңызды датамен құттықтады. Әңгіме барысында екі елдің заң шығару органдарының өзара іс-қимылының келешегі туралы айтылды. Сондай-ақ С. Карчевскийдің 2016 жылы Қазақстанға сапары барысында қол жеткен уағдаластықтарын іске асыру барысы да талқыланды.

Сенатор Т. Мұқашев пен Польша Сенатының вице-спикері Мария Коц екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері туралы пікір алмасты. Жүздесушілер екі елдің жоғары деңгейдегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылы мен парламентаралық үнқатысудың қарқынды сипатын атап өтті. Қазақстан делегациясының басшысы біздің еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық өміріне поляк диаспорасының белсенді қатысып келе жатқаны туралы айтты.

Сенатордың айтуынша, Қазақстанда поляк тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін дамыту және өздерінің тарихи отандарымен байланыстарын нығайту үшін барлық жағдай жасалған. Т. Мұқашев Қазақстан Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын М. Коцқа табыс етті.

Т. Мұқашев сондай-ақ Польша Сеймі Төрағасының орынбасары Рышард Терлецкиймен де әңгімелесті.  

Шараға Қазақстанның Варшавадағы елшісі Марғұлан Баймұқан қатысты.