17 Желтоқсан, 2011

Шығыс ауылындағы жаңа үйлер

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен күні кеше Елбасы Жарлығымен еліміздің жоғары наградасы – «Парасат» орденімен марапат­талған Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев оралмандарға арналып бой көтерген Шығыс ауылында 14 қандасымызға жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты жағдайда тапсырып, оларды қуаныштарымен құттық­тады. «Сіздер пәтер кілттерін ел Тәуел­сіздігінің 20 жылдығымен қатар алып тұр­сыздар. Бұл – үлкен мәртебе. Еңбекте алда болып, ел мәртебесін абыроймен көтере беріңіздер», деді өңір басшысы. Бұған дейін Шығыс ауылында 300-ден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Мұнда жаңа мектеп, аурухана, балабақша жұмыс істеп тұр. Келер жылы оралмандарға арналған жаңа ауылда тағы елуден астам тұрғын үй салынбақ. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.