Қазақстан • 16 Шілде, 2018

Ақ тілектер ағыны

448 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астананың 20 жылдығына және Қазақстан Президентінің туған күніне орай шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшыларының құттықтаулары келіп түсуде.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған жеке өзінің және түрік халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтап, Қазақстанның өсіп-өркендеу және даму жолындағы жетістіктерін атап өтті.
«Астана қысқа уақыт ішінде заманауи мегаполиске айналып, Қазақстан тәуелсіздігінің және оның даму көрсеткішінің символы болғанына қуаныш­тымын. Сон­дай-ақ біз өңірдегі эко­но­ми­калық дамудың орталығы са­­налатын түркі әлемінің ең жас елордасы – Астананы көр­кей­­туге түрік компаниялары, сәу­летшілері, инженерлері мен қ­ұ­­рылысшылары үлес қосқанын мақ­тан тұтамыз», делінген жедел­хатта. 

* * *
Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макрон екі ел арасындағы стратегиялық се­­рік­тестіктің нәтижелеріне жә­не оны әрі қарай нығайту пер­с­пек­­тиваларына назар аударды. 
«Стратегиялық серік­тес­ті­­­гі­міздің он жылдығы ор­тақ же­­тіс­­тіктеріміздің қо­ры­тын­ды­сын жа­сауға және бола­шақ­­ты ба­ғам­дауға мүмкіндік бе­ре­ді. Мен серіктестігіміздің ұзақ мер­­зімді сипатқа ие болғанын қа­лаймын.
Франция Қазақстанның экономиканы әртараптандыруға, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін, қала шаруа­шы­лығын, цифрландыру сала­сын және агроөнеркәсіп ке­ше­нін дамытуға бағытталған ұмты­лы­сын қолдайтынына сенім біл­діремін», – деп атап өткен Фран­ция Республикасының Президенті.

* * *
Иордания Королі II Абдалла Нұр­сұлтан Назарбаевты ел­орда­ның 20 жылдығымен және туған күнімен құттықтап, Мемлекет басшысы мен барша Қазақстан халқына табыс, бақ-береке және амандық тіледі.
«Бүкіл Иордания Хаши­мит­­тік Корольдігінің атынан Қазақстан мен оның елорда­сы­ның одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін.
Сіздің дана басшы­л­ы­ғы­ңыз­бен Қазақстан жаһандық қау­іп­сіздік пен тұрақтылықты ор­натуға бағытталған қызметін жал­ғастырып, өзінің даму жолын­да айтарлықтай жетістіктерге жете бе­реді деп сенемін», делінген жеделхатта.

* * *
Люксембург Премьер-Ми­нис­трі Ксавье Беттель Люк­сембург Үкіметі мен жеке өзі­нің атынан Мемлекет басшысын Қазақ­станның жаңа елордасы – Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.
«2015-2017 жылдары Қазақстанға барған сапар­ла­рым әрдайым жадымда сақта­ла­ды. Біздің Астанадағы кез­де­сулеріміз Люксембург пен Қазақ­стан ынтымақтастығының маңыз­ды кезеңі болды әрі ха­лық­тарымыздың өзара дос­ты­ғы мен сеніміне негіз­дел­ген екіжақты қарым-қаты­нас­та­ры­мыз­ды нығайтуға септігін ти­гіз­ді», делінген жеделхатта.

* * *
Өздерінің жылы лебізге толы құт­тықтаулары мен Қазақ­­стан­ның өсіп-өркендеу жо­лын­да та­бысқа жете беруіне тілек­тес­тік біл­­дірген жеделхаттарын Мо­н­ако Князі II Альбер және Бахрейн Королі Хамад ибн Иса әл-Халифа да жолдады.