Қазақстан • 16 Шілде, 2018

Жоғарғы сот жартыжылдық жұмысын қорытындылады

179 реткөрсетілді

Жоғарғы сотта сот төрелігін жүзеге асырудың 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша республика судьяларының кеңейтілген кеңесі өтті. 

Іс-шараға Президент Әкімшілігі Бас­шысының орынбасары Әлия Рақы­ше­ва, Президент Әкімшілігі Мем­ле­кет­тік-құқық бөлімінің меңге­ру­шісі Данияр Вагапов, Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов, Парламент Сенатының комитет төрағасы Георгий Ким, Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қатысты. Форумға, сон­дай-ақ республикалық адвокаттар алқа­сының төрағасы Әнуар Түгел мен Ком­мерциялық заңгерлер кеңесінің бас­қарушысы Айгүл Кенжебаева, «Ата­ме­кен» ҰКП, Кәсіподақтар федерациясы, ад­вокаттар алқасы, Сот төрелігі ака­де­мия­сы өкілдері, медиаторлар мен жеке сот орындаушылары шақырылды. Ал жергілікті соттар кеңеске бейнебайланыс арқылы қосылды және аталған жиын интернетте онлайн режімінде көрсетілді.

Кеңейтілген кеңесте алғаш рет «Сот төрелігінің 7 түйіні» аясындағы жоба­лар­ға қатысушы жергілікті соттардың судьялары мен сот процесінің қаты­су­шы­лары сөз алды. Олар сот жүйесін жаң­ғыр­туға қатысты өз ойларымен бөлісті. Адво­каттар атынан Сергей Сизинцев, заң­герлік қауымдастық атынан Айгүл Кенжебаева, прокуратура атынан Марат Ахметжанов пікір білдірді.

– Азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін жылдарын сарп етеді. Биыл ғана біз­­дің қарсылық танытуларымыздан кей­ін кассациялық сатыда 200 жазасын өтеушінің жағдайы дұрысталды. Оның ішінде 12 адам толық және 19 адам ішінара ақталып шықты. Қалға­ны­ның жазасы жеңілдетілді, ұстау тәр­тібі өзгертілді. Біз қайта қаралған ше­шім­­дер­ді сараптай келе, бір адамға ға­на қатысты істі емес, елдегі сот-тер­геу тә­­жірибесінің олқы тұстарын қа­лып­қа кел­тіріп жатырмыз, – деді Бас Про­ку­рор­дың орынбасары.

Бас прокуратура, сондай-ақ Жоғарғы сотпен бірлесе отырып ұсақ ұрлық, жал­ған хабарлама беру мен азаптауға қа­тысты арыздарды тәртіпке келтіруге қол жеткізген.

Алқа мәжілісінде бұдан әрі ел­ор­да­дағы Сарыарқа аудандық сотында іске асып жатқан «Үлгілі сот» серпінді жобасы туралы оның төрағасы Арман Жүкенов айтып берді. Аудандық сот төр­­ағасы сотта енгізілген жобаларға то­қ­тала келе, фронт-офис, «электронды ке­­зек», электронды сот істерінің санатта­рын кеңейту, судьяларды мамандандыру, электронды сот залын жасақтауға бай­­­ланысты тәжірибелерімен бөлісті. Оның айтуынша, резерв есебінен су­дья­лар­­дың көмекшілері лауазымдары пайда бол­ған. Бұл жаңашылдық судьялардың жүк­темесін анағұрлым жеңілдетіп, сот төрелігінің тиімділігін арттыруға мүм­кіндік берген. 

Кеңесте татуластырушы судья Ақтоты Әбдіқұлова татуластыру инсти­ту­­т­ы серпінді жоба ретінде елорда­дағы Сарыарқа аудандық сотында құрыл­ған­дығын баяндады. Ол жобаның мәні ретінде сотқа түсетін барлық істер алдымен татуластырушы судьяның қарауына бе­рі­летіндігін атап өтті. Ал оның бас-
ты міндеті – тараптарды татуластыру. Егер бұған қол жеткізу мүмкін болмаса, іс бас­қа судьяға беріледі. Осы жоба бас­тал­­ған үш айдың ішінде 152 іс бо-
йынша тараптар татуласқан. Бұл судьяға жү­гінгендердің 52 пайызын құрайды.

Ал Жоғарғы сот төрағасының кеңес­ші­сі Сағатбек Сүлеймен мен Павлодар қалалық сотының судьясы Нұржан Әбдікәрімов соттан тыс және соттағы татуластыруды дамыту туралы өз ойларымен бөлісті.

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ұлдана Сүлейменова түнгі соттардың қыз­меті туралы мәлімдеді. Рудный қала­лық, Күршім және Бостандық аудандық соттарының судьялары Айгүл Аяп­бер­генова, Салтанат Жүніспекова мен Сара Қаракүзиевалар сот актілерінің сапасы мен оны түсіндіру барысын әң­гімеледі. Жамбыл облыстық сотының судьясы Светлана Яковлева цифрлы сот төрелігін дамытуға қатысты пікірін ортаға салды.

Бұдан әрі департамент басшысының орынбасары Аслан Түкиев Әкімшілік рәсім­дік-процестік кодекстің жобасы, департаменттің бас консультанты Айжан Демеуғалиева Жобалық офистің қыз­меті туралы айтты.

Ж.Асанов іс-шараны қорытындылау бары­сында сот жүйесін жаңғырту бағы­ты­ндағы жұмыстарды атай келе, сот тө­релігінің сапасын арттыру мақсатында судьялардың алдына бірқатар міндеттер қойды.

Жоғарғы сот төрағасы өз сөзінде су­дьяларды өзгенің бизнесін рейдерлік ба­сып алу үшін жиі пайдаланатындығын ай­тып, бірқатар мысалдар келтірді. Сон­дай-ақ бұндай әрекеттердің қыл­мысқа баланатындығын ескертті.

Сонымен қатар Жақып Асанов соңғы бес жылда судьялардың жұмыс жүктемесі екі есе өскендігін атап өтті.

– Бес жыл бұрын 1,4 млн іс қара­ла­тын болса, қазір бұл көрсеткіш 2,7 мил­лионға жетті. Бұл дұрыс емес. Мы­на­­дай жүктемені көріп отырып, сапа­ны қалай талап етпекпіз? Алматы мен Астананың судьялары бір жұмыс кү­нін­де 15-20 шешім шығаратынын айта­ды. Биылдың өзінде соттарға жеткен істер­дің саны 30 пайызға өсті. Біз мұның екі себебін көріп отырмыз. Біріншіден, цифрді келтірдім, екіншіден соттар мен судьяларға жүктелген төрелік етуге қатысты емес артық жұмыс көп, – деді Жоғарғы сот төрағасы.

Жақып Асанов сөзінің соңында барлық судьялар мен қоғам өкілдерін соттар қызметін одан әрі жақсарту жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар