Аймақтар • 16 Шілде, 2018

Атыраудың үздік тауары анықталды

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атыраудың үздік тауары анықталды

«Қазақстанның үздік тауары» рес­пуб­­­ликалық көрме-байқауының об­лыс­тық кезеңіне Атырауда 40 кәсіп­кер­лік қатыс­ты. «Жалпы ай­мақ­та 56 мыңнан астам шағын және ор­та бизнес субъектісі бар, бұл салада 120 мың адам жұмыспен қамтыл­ған, дейді облыстық кәсіпкерлік және ин­ду­стриялық-инновациялық даму бас­қар­масы басшысының орынбасары Гүлзада Қайыр­ғалиева. – Өткен жылы 1,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Көр­сет­кіш жыл санап артып келеді».

Қазір кәсіпкерлерге мемлекет тара­пынан қолдау жақсы. Жергілікті атқ­арушы билік те бизнес бастаймын дегендерге көмек көр­сетуден аянған емес. Биылдың өзінде 500 млн теңге ша­ғын несиелеуге бөлініп отыр. Өңір­де кәсіпкерлік саласы негізінен қыз­мет көрсету мен жеңіл өнеркәсіпке не­гізделген. 

Көрме-байқаудың қорытындысы бойын­ша «Өндірістік мақсаттағы үз­дік тауарлар» аталымында Атырау мұ­най өңдеу зауыты, «КасХим», «НовоСтройПроект» серік­тес­тік­те­рінің өнімдері жүлдегер болды. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС өнімдері, «Эталон» жарнама агенттігінің сувенир бұйымдары, «Оразбаева ЖК» ұлттық киімдері же­ңімпаз деп танылды. «Үздік азық-тү­лік тауарлары» санаты бойынша «Trans Tech International» нан өнім­де­­рі, «АсылАгро» шұжықтары және «АтырауАгроФеликстің» көкөніс салат­тары үздіктер қатарында аталды. Атырау қалалық әкімдігі тағайындаған «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» атағын «Бум-2020» ЖК иеленсе, «Сұлтан» ШҚ ешкі сүтін өңдеуге бағытталған жұ­мысы «Үздік инновациялық жоба» ре­тінде марапатталды. 

Көрме-байқаудың үш аталымы бойын­ша облыста озып шыққан то­ғыз кә­сіпкерлік енді рес­пуб­ли­ка­лық кезеңде сынға түседі. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ