Медицина • 16 Шілде, 2018

Айрықша аквасаябақ

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Айрықша аквасаябақ

Көрген де арманда, көр­меген де арманда дегендей, Ақтөбеде ашылған аква­саябақ оған келушілерді таң-тамаша қалдырып отыр. Жас талға­майтын, үлкен-кіші деп бөлмейтін, айрықша демалыс орны қаланың қақ ортасынан орын тепкен. Оның жалпы аумағы 3 гектардан асып түседі. Мұндағы төбешігі бар бассейндер мен сулы аттракциондар оның аквасаябақ ретіндегі орны мен мәртебесін биіктете тү­седі. Дәл осы бағыттағы ба­ла­лар аймағы бөлек орналасқан.

Ақтөбеде ашылған ай­рықша аквасаябаққа де­малуға келушілерге барлық жағдайлар жасалған. Мұнда күн сайын мыңнан астам адам тыныға алады. Бүгінгі күні ерекше нысанның жазғы аймағындағы құрылыстар толығымен аяқталды. Әйт­­се де алдағы кезде ин­­­вестициялық жобаның екін­ші кезеңін іске асыру көз­делген. Соған сәйкес «TREE OF LITE» құрылыс компаниясы бұл істі бастап та кетті.

Аквасаябаққа келіп демалу ақылы түрде жүргізіледі. Әйтсе де «Бақытты бала» өңірлік жобасы аясында мұнда аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына тегін қыдырып, дем алу үшін сертификаттар берілген. Жобаға салынған инвестицияның жалпы мөл­шері 5,8 миллиард теңгені құ­райды.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше