Аймақтар • 16 Шілде, 2018

Павлодарда әнші Майраға ескерткіш орнатылды

1121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығындағы Усолка шағын ауданында қолына сырнай ұстап, ән салып тұрған мүсін рухани мәнді ерекшелігімен көзге түседі.

Павлодарда әнші Майраға ескерткіш орнатылды

Майра Шамсутдинова (1861-1927) – халық әншісі, композитор. Қазақтар  бұрын Кереку деп атаған қазіргі Павлодар қаласында дүниеге келген. Майраның «Кереку үлкен қала, ұзын көше» деп келетін әні де бар. Керекудің өткенін  түсіне алмай жүргендер Майра жайлы оқып білсе көздері жетер еді. Жай әнші емес, қоғамдық ой-сана көзқарасы биік қайраткер әнші болғанын осыдан-ақ көруге болар.

 Жасынан гармон артып, ән салған. Кереку, Қоянды, Баянауыл, Семейде  жәрмеңке, той-думандарда ән салып, дауысы бүкіл қазаққа танылды. Татарша, орысша да ән айтты. Музыкант А.Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндерін, халық әндерін жаздырған.

 Майраның «Ахау, Семей,» «Гауһар тас», «Ертіс», «Сәулем-ай», «Мақпал» сияқты көптеген халық әндері мәңгі халық есінде, өзі жазған  «Майра», «Қызыл гүл», «Өкшесі етігімнің айнала жез», «Бақша» әндерінің де  авторы. Жергілікті  журналист ағамыз, марқұм Айтжан Бәделханов әнші жайлы  кітап жазып кетті.

Әншінің мүсінін жасаған мүсінші Азат Баярлин. Жобаға тапсырыс беруші – Павлодардың Құрметті азаматы Қуат Есімханов. Меценаттың қаражатынан Майраға  көптен күткен  ескерткіш те орнатылды.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен  Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті тсүірген: Валерий Бугаев