Үкімет • 16 Шілде, 2018

Үкіметте Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару мәселелері жөнінде кеңес өтті

187 реткөрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында экономиканы цифрландыру және технологиялық жаңарту, АКТ, көлік және туризм салаларын дамыту мәселелері жөнінде 2018 жылға арналған жоспарлар мен І жарты жылдықтың алдын ала есептері тыңдалды. Сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің жобалық басқару мәселелері қаралды.

Алматы облысының әкімі А. Баталов І жарты жылдықтағы жобалық басқару аясында атқарылған жұмыстар және АӨК, көлік және логистиканы, туризм, сауда, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамыту, индустрияландыруды жүргізу бойынша 2018 жылға арналған жоспарлар туралы баяндап, жаппай кәсіпкерлікті дамытудың, өнімді жұмыспен қамтудың, қаржылық тұрақтылықтың, экономика салаларын цифрландырудың және АКТ дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөнінде айтып берді.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, тау-кен өнеркәсібінде цифрлық технологияларды пайдалану, көлік және логистика, АӨК, электрондық сауданы дамыту, инновациялық цифрлық экожүйені құру және «Ақылды» қалаларды іске асыру туралы баяндады.

Өз кезегінде инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек технологиялар трансферті жүйесін, аддитивті машина жасауды, Индустрия 4.0 элементтерінен тұратын өнеркәсіптің негізгі салаларын технологиялық қайта жарақтандыруды дамыту туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбектің жүк тасымалдарының көлемін ұлғайту үшін фитингті платформалармен қамтамасыз ету, жүк автокөлік құралдарының паркін жаңарту, Алматы қ. айналмалы темір жолының құрылысы, жоғары жылдамдықта жүруге арналған автокөлік жолдарын салу және пайдалануға беру, сондай-ақ әуе қатынастарының жаңа бағыттарын ашу туралы есебі тыңдалды.

Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы визалық–көші-қон режимін ырықтандыру, жол бойындағы сервисті дамыту, Қазақстанның туристік әлеуетін жетілдіру үшін туристік бағыттарды дамыту және Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде баяндады.

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар