Аймақтар • 17 Шілде, 2018

Маңғыстау әкімі Түрікменстанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов пен Түрікменстан Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Т.Көмеков бастаған делегация кездесті. 

Маңғыстау әкімі Түрікменстанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Тараптар тамыз айында өтетін Каспий маңы мемлекеттері Саммитінің маңыздылығына тоқталып, халықаралық жиын екі ел арасындағы байланысты одан әрі күшейте түсетінін атап өтті. Кездесу барысында өңір басшысы Е.Тоғжанов алдағы саммит аясында Қазақстан мен Түркіменстан үшін маңызды үш мәселені көтерді. Атап айтсақ, көлік дәлізі, әуе қатынасы және Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы визалық мәселелерді талқылауды ұсынды. Түрікменсандық дипломаттар алдағы саммит халықаралық байланыстарды дамытуға серпін беретінін әрі бірлескен жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік беретінін айтты.

-Түрікменстан президентінің бастамасы бойынша сауда-экономикалық қатынастар мен Каспий елдері арасындағы көліктік ынтымақтастық туралы құжаттар әзірленуде. Алдағы саммитте аталған жоба бойынша нақты шешім қабылдатанына сеніміз мол. Қазақстан қабылдаушы ел ретінде осы маңызды шараны жоғары деңгейде өткізуде сәттілік тілеймін, деді Түрікменстанның Төтенше және өкілетті елшісі Тойлы Көмеков.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар