Қазақстан • 17 Шілде, 2018

Алматыда мақсатсыз пайдаланылған 44 нысан иесі жауапкершілікке тартылды

349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Бағдат Мәнізоровтың қатысуымен брифинг өтті.

Алматыда мақсатсыз пайдаланылған 44 нысан иесі жауапкершілікке тартылды

Бағдат Сайланбайұлының айтуынша, барлығы 557 жоспардан тексеру жүргізілген. Бақылаудың өзге түрлері шеңберінде 1 028 тексеру жұмыстары атқарылып, кеткен заң бұзушылықтарды жоюға 344 нұсқама берілді, сонымен қатар техникалық қадағалау қызметіне 2 435 тексеру жүргізілген.

Басқарма инспекторлары 91,1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған 720 хаттама толтырып, оның ішінде 78,8 млн. теңге немесе 86 пайызы төленген.

Ал төленбегені 12,3 млн. теңге көлемінде (оның ішінде 6,8 млн. теңге өз еркімен төлеу мерзімі бар, 5,1 млн. теңге мәжбүрлі түрде өндіруге жіберілді, 0,4 млн. теңге төлеу мерзімі ұзартылды).

Алматы қаласының бас мемлекеттік құрылыс инспекторының қаулыларымен- 3 лицензияның қызметі 6 ай мерзіміне тоқтатылды.

Сол сияқты 8 сарапшының техникалық қадағалау аттестаттарының қызметі 6 ай мерзіміне тоқтатылды;

Және 32,3 млн. теңге айыппұл сомасына мақсатсыз пайдаланылып жатқан 44 нысан иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы мамандандырылған әкімшілік сотына 33,9 млн.теңге айыппұл сомасына 382 әкімшілік хаттама толтырылып, жолданды, сонымен бірге 29 хаттама бойынша қосымша шара қолданылды, бұл:

– 2 қаулы лицензиядан айырумен (жобалау қызметі);

– 1 қаулы сарапшының техникалық қадағалау аттестатынан айырумен;

– 10 қаулы заңсыз салынған құрылыстарды мәжбүрлі түрде бұзумен;

– 16 қаулы нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтатумен байланысты.

Бұдан бөлек, азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде заңсыз салынған (салынып жатқан) құрылыстарды бұзу туралы 9 талап арыз берілді, оның ішінде 4 қанағаттандырылды, дейді аяқтады басқарма басшысы.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»